Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Кетпеші, балам, Сирияға!
02 қараша, 2016 жыл 484 Басып шығару нұсқасы

* Қыршыннан кетті-ау, боздақ-ай!

 

* Жазмыштан озмыш болмапты. Жат жерде кетті ау өмірің»!

 

 

* Туған жерінен бір топырақ бұйырмады-ау!

 

 

Айғанымның үйіне жиналған жұрт бірінен соң бірі бұны жұбатқандай болып, кейбіреулері кекеткендей болып, жұбаныш сөздерін жаудырып жатты. Баласынан айырылған Айғанымның түрі қаны құйылып алынғандай, сұп сұр болып, еріндері кезеріп, ісіп кеткен көздерінің қарасы шарадан шығып кететіндей, бір нүктеге тапжылмай қадалып, тілін тістеген күйде үнсіз отыр. Көзінен бір тамшы жас шығар шықпастан,астыңғы кірпіктеріне жабысқан күйі не түспей, не кеуіп кетпей мөлдіреп қана тұр. Баласынан кезінде тірідей айырылып, артынан жоқтай жылай-жылай таусылған көз жасы енді баласынан шын айырылып, бақилық болғанын естігенде бір тамшы жас та үзіліп шығар емес. Жиналған жұрт басу айтып, дұғаларын оқып беріп бірінен соң бірі кетіп жатты. Айғанымның жүрегі қарс айырылған күйде сол орнында тапжылмай отыр. Әйелдер қауымының ортасында отырған ол, таныс дауысты ести сала орнынан жалт қозғалды. Жүрегі шымыр етті. Таныс дауысқа басын жалт бұра, отырған орнында көздері таныс бейнеге қадала кетті. Жүрегі жылып сала берді. Бауыр еті, сүйікті қызы Сұлушаш екен. Көздеріне шер бітіп, ботадай боздаған түрі ісініп, қара торы келген келбеті ақ сұрланып кетіпті.

 

 

* Анашым, анашым, бұл қалай болды? Ағатайымнан қапыда айырылдық қой, жеңгем мен немере інілерім ше, олардан да айырылғанымыз ба? Ал, Қарашаш сіңілім қайда?,-деп Сұлушаш анасының состиып отырғанын көре, анасын құшақтаған күйі өкіре жылады. Кенет бөлменің бір бүйірінен таныс дауыстың нәзік ақырын шыққаны естілді.

 

 

* Әпкетай, әпке мен келдім. Мен мұндамын, әпкетай, әпке, заман не болып кетті, қапыда сендерден айырылғаныммен қоса, міне ағамның қазасын да сендерге естіртіп отырмын. Әпке, әпке, мен келдім. Мені құшақташы,-деп Қарашаш та еңіреп боздай қалды. Томпиып, сыңғырлаған даусы нәзік еліртетін, аппақ жүзді, бойы орташа келген, сұлу қыздан қалған адам танымастай өзгерген келбетті көріп Сұлушаштың көзі шарасынан шыға жаздады. Томпақ денесінің тек ырдиып шыққан сүйектері ғана көрініп, аппақ бетінің қан сөлі жоқ, қарайған, бетіндегі жағы алдыға шығып, тек сүйегін терімен ғана қаптап қойғандай, тым арық, әлсіз адамды көрді. Тек қою қара көздерінен оның өз сіңілісі екенін көрген Сұлушаш өкси жылап, сіңілісін бар ынтасымен құшақтап алды.

 

 

* Бар екенсің-ау, Қарашашым. Аман екенсің ғой, жалғызым. Аллам сені өзімізге қайтарғанына мың шүкір. Жаратқанға тәуба, аман екенсің ғой. Сені мәңгілікке жоғалтып алдым ба деп, қорқып едім. Аман оралғаныңа Жаратқаныма алғыс. Ал, ағамыз ше? Ол неге келмеді, неге өзіңмен алып келмедің?,-деп Сұлушаш Қарашашты құшағынан жібере көзіне қарады.

 

 

* Аға, аға деймісің? Менің ағам жоқ. Болған да емес. Аға, аға, сондай қасиетті сөзді ластаған адам, менің ағам бола қоймас. Анамның енді баласы жоқ, болған да емес,сол сияқты сеніңде ағаң, менің де ағам болған емес. Бақдаулет деген адамды танымаймыз,-деді Қарашаш егіле жылап. Басындағы таққан орамалымен көз жастарын сүртіп, анасы мен екі әпкелі сіңілі тұншыға, қайғылана жылап құшақтасып отырды.

 

 

Сұлушаш ағасынан айырылатынына сезсе де, оны өлімге қимап еді. Қайда жүрсе де, аман болсын деп іштей тіленетін. Ағасының дін үшін соғысқа кетем деп қадала қалғанын, өзі кетіп қана қоймай, әйелі мен бала-шағасын қоса ертіп, ең кіші сіңілісі Қарашашты да алдап алып кеткені анасымен қоса бұның да жанына батқан еді. Ақырғы тоқтамға келген ағасын анасы қанша тоқтатуға тырысқанмен, басы айналған ағасы бір түнде-ақ анасын боздатып, әйелі мен балаларын жылата кетіп қалған еді...

 

 

Бірнеше жыл бұрын жан жары, отағасынан айырылған Айғанымның тағдыры талқыға түсіп, өмірін әп сәтте өзгертіп жіберген еді. Жан жарынан қапыда айырылған ол, отағасының берешегі мойынынан асып, дүниесі талан-таражға салынып кеткенін білмеп еді. Бала бағумен үйде күтіп отыратын Айғаным сол күні бір уайымға салынғаны бар. Іштей тыпыршып, қайта- қайта есік жаққа қараумен күн өткізген.

 

 

* Мына Жандәулет көп кешікті ғой. Бір пәлекетке ұшырамаса нетті. Көңілім тынышсызданып тұрғанын қарашы. Бақдаулет, барып көршінің үйіне барып келші, әкелері келіпті ме, біздікі де сонымен кеткен еді,-деп Айғаным баласын жіберген еді.

 

 

* Апа, көрші үйіне келіп алыпты. Әкем, тағы бір жұмыстарым бар деп, көрші ауылға кеткен екен.

 

 

* Көрші ауылға бара берме деп едім. Туыстарыңда болса берер еді ғой жоқ болған соң қайдан тауып бермек,-деп бола, үйге кіріп келген екі сақшыны көзі шалып қалған Айғаным, орнынан атып тұра, есікке қарай жүгірді.

 

 

* Төреқұлов Жандаулеттің отбасы сіздер ме?,-деді сақшының біреуі бұларға қарап.

 

 

* Иә, иә, мен әйелі, мыналар балаларымыз. Сіздер кімсіздер, Жандаулет қайда?, деп Айғаным тыпыршып қалды.

 

 

* Кешірерсіздер, сабырлы болыңыздар, жұбайыңыз қайтпас сапарға аттанып кетті. Оқыс жағдайда қайтыс болыпты. Көрші ауылда біреуге жалданып, тау ағашын кеспек болғанда, үстіне ағаш құлап, сол жерде мерт етіпті. Қазір орталық аурухананың өлік сақтайтын орнында, өлікті тану үшін сіз бізбен жүруіңіз керек. Оқыс жағдайды естіген Айғаным, басына тас түскендей, сол мезетте ақ шаштары ағарып, бірнеше жылға қартайып кеткендей болды.

 

 

Туған туыс, дос-жарандармен келмеске кеткен отағасына жаназысын оқып, арулап жерлеген бойда, үйіне жапа-тармағай білдей-білдей кісілер келіп, бұлардың берешектері молынан бар екенін білдірген еді. Үйіндегі азын аулақ жинаған тиын тебенімен қоса, басындағы үйлерін де боастып берді. Енді

 

 

далада қалған Айғаным мен үш бірдей балалары еңкілдеп жылай, туған туыстарды аралап кетті.

 

 

* Мен, жұмысқа шығайын. Мына балалардың келешегі не болмақ. Оқытып, білім беру менің парызым. Ер жетіп алса, өз қамдарын өздері күйттейтін болар. Ал әзірге біз осында бой тасалай тұрайық, - деген Айғанымға жеңгесі жақтырмай қараған-ды. Қара шаңырақтың егесі болып қалған осы жеңгесінің де өз балалары жетерлік. Енді аядай бес бөлмелі үйге бұлар да келіп қосылғаны үшін ішінен бір бүлк етті. Тек күйеуінің қабағына қараған ол, іштей тынып, келісім берді.

 

 

Айғаным тыным таппай жұмыс істеуге кірісіп кетті. Күндіз мектеп еденін жуса, кешкісін мектеп жанындағы дәріхананың тазалығы жауапкершілікке алды. Қолы босай қалса, құрақ құрап, көрпешелер тігумен болды. Оны өз жұмыс ұжымындағы қыз келіншектерге арзан бағада, тіпті қарызға да беріп жүрді. Он бес жасар Бақдаулет те, мектептен келе қаршадан екі қарындасына қарайласып, анасының бір жағына шығысқандай жүрген. Уақыт өтті. Тынымсыз еңбекпен тапқан таянғанын сақтап, ұқыпты жинаған Айғаным үш бөлмелі пәтер алып, бала шағасымен осы жерге көшіп келгентұғын. Бұл кезде Бақдаулет келін түсіріп, Сұлушаш медресе оқып, өзі құралдас адамға тұрмысқа шыққантұғын, ал Қарашаш мектепті үздік бітіріп, Түркия еліне оқуға аттанып кеткен.

 

 

* Әттең,-деді Бақдаулет, терең тыныс ала, басын салбыратып. Дастархан басында үнсіз ас ішіп отырған Айғаным мен Күнәй келін бұған таңқала қарады.

 

 

* Әкеміз тірі болғанда, мұндай күйге түспес пе едік. Не оқу оқи алмадым, не тәуір жұмыс та таба алмадым. Өмір не болып кетті. Ары тартсаң арба сынады, бері тартсаң өгіз өледінің кебін кидік қой. Шаршадым, бәрінен,-деді Бақдаулет.

 

 

* Балам, неге олай айтасың, не болса да бәріне шүкір етсең нұр үстіне нұр болмайды ма. Аллаға шүкірлер болсын, далада қаңғырып жүрген жоқпыз. Менде жұмыс істеп, әйтеуір әупірімдеп жүрміз ғой. Алла шүкір еткеннің несібесін арттырады ғой

 

 

* Енді, не деуім керек. Кеше ана жұмыс тауып берем деген Әзімбай көкенің үйіне бардым. Жұмыс берем деген адамы бір қараның ақысын сұрапты. Ал менде бір қара тұрмақ бір сауым ешкі де жоқ қой. Осылай жұмыссыз жүре берем бе?.

 

 

* Мейлі, ол бір қара сұраса, Алла бізден ештеңе сұрамайды. Сен жұмысты Алладан сұра. Ол береді. Тек сабыр түбі сары алтын екенін ұмытпа. Оңай олжаға кенелем деп ойлама.

 

 

* Баке ,-деді жаңадан бері үнсіз отырған Күнай келін

 

 

* Балаларымыздың өз несібесі бар. Не болса да пешенемізге жазылғанын көреміз ғой. Сонша түңілмесеңіз. Балалардың алдында әкелік келбетіңізді түсірмесеңізші -деп қойып қалды.

 

 

* Иа, Бақонтай, әлі-ақ жақсы жұмыс табасың. Ана Сұлушашқа да бір хабарын біл деп едім. Өз ауылында жұмыс шығып жатса, бір хабарын берем

 

 

деген. Менің Бақонтайым, әлі ақ бір қара бермей ақ адал жолмен жұмысқа тұрады,-деді Айғаным баласын еркелетіп, оны Бақонтай деп,басын сипады.

 

 

* Ой, анашым. Бақонтайыңыз не сіздің. Әжептеуір азан шақырып қойған атым бар емес пе? ,-деп күлді Бақдаулет. Бұлардың сөзіне ере күлген екі балақай да сыңғырлаған күлкісімен үй ішін жайнатып жіберді. Жүзіне күлкі үйірілген Бақдаулет те анасын құшақтап, емірене иіскеді. Тек бұл кезде, бұлардың өмірлері күрт өзгеріп, анасының ақ сүтінен аттап, жаза басатынын білген жоқ еді...

 

 

Жазғы демалысын алып, жиған ақшасын баласының жұмысына қиған Айғаным, Бақтаулетке бір уыс ақшаны ұстата, іш сырын ақтарды:

 

 

* Балам, міне, мына азын аулақ ақшаны ал. Ана Әзімбайдың айтқан жұмысына бар. Аузын арандай ашқан адамға бұл да бір жетер. Сенен аяғаным желге ұшсын. Сенің қолың ұзарып жатса,нұр емес пе. Ал, сен жұмысыңды адал еңбекпен атқар. Артыңдағы екі балаңа қамқор болатындай, басыңды тік көтеретіндей берік бол. Ісіңе адал, жаныңдағыларға мейірімді бол. Алла бағыңды ашсын. Жұмысың берекелі болсын деді.

 

 

* Жақсы ,анам, осы бір жұмысқа тұрып алайын, бар ынтамды сол жұмысқа арнаймын. Сендерді бағамын. Сізде мектеп еденін жуып, шаршамайтын боласыз. Тек кішкене күтіңіз,-деді де Бақдаулет ақша салынған конвертті ала, жолға аттанып кетті.

 

 

* Қолыңда қағазың жоқ. Өзің орыс тіліне шорқақсың. Тіпті компьютер тілін де білмейсің. Саған қандай жұмыс ұсынсам екен,-деді көкірегін кере, бөлмесінде аяғын кеңге сермеп оттырған бастық.

 

 

* Қандай жұмыс болсын істеймін. Қолымнан тоқ көздерін жөндеу, тұрмыстық техникаларды іске пайдалы етіп жасау келеді. Тек жұмыс берсеңіз болды, құзырыңызға кіріп кетем,-деді де Бақдаулет қолындағы ақша салынған конвертті ақырын, кітап арасына салып, бастықтың алдына қарай жіберді. Бір көзімен ақшаны көріп, жаңадан бері басын аспанға көтеріп отырған бастық енді езу тарта, жымиғандай болды.

 

 

* Иә, балам, онда сені электр маманы ретінде жұмысқа қабыл алайын. Біздің электр маманымыз, өзің білетін боларсың, тоққа түсіп қайтыс болып еді. Сен енді абай бол, ана тоққа түскен адамға мекеме атынан біраз шығын шығып кетті,-деді бастықсымақ адам есілдертін ақшаға бұрып.

 

 

Осылай Бақдаулет те жұмысты болып қалды.

 

 

Күндер де сырғып өте береді екен. Бақдаулет, бастығының тілге шорқақ, компьютер тілін білмейсің дегенін намыс көре, бар ынтасын соларды білуге жұмсады. Үйіне көптен күткен компьютерін де сатып алды. Жұмыстан келе, сол бір кішкене жәшіктің ішін ақтара, пернетақталарын сықырлатып, бір жеке әлемге кіре берді.... Жалғасы бар

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары