Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Алла елшісі кімдерді сағынған?
12 қаңтар, 2016 жыл 601 Басып шығару нұсқасы

Бірде Алла елшісі сахабаларына өзінің бауырларын көргісі келетінін айтады. Сахабалары «Бауырлары біз емес пе едік?»-деп ойланып қалады. Сонда Алла елшісі: «Сендер – менің сахабаларымсыңдар. Ал менің бауырларым – Исламға кейін келетіндер»-деген екен.


Ойланыңыз оқырман! Сөз еткен бауырлары сіз бен біз демек. Қандай құрмет! Қандай жауапкершілік...


Алла елшісіне деген махаббат – іспен дәлелденеді. Мысал үшін:




  1. Пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат айту


Құранда: «Шынында, Алла Тағала мен Оның періштелері Пайғамбарға жарылқау берген! О, сенім келтіргендер! Оған салауат айтыңдар және сүйіспеншілікпен қарсы алыңдар»-делінеді.


Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өзі де бізге жақсылық тілегендіктен де өзіне салауат айтып жүруді өсиет еткен:


«Қиямет күнінде салауатты жиі айтқандар маған бәрінен жақын болады»,


«Мен туралы әңгіме айтылған жерде салауат айтпайтын адам сараң».




  1. Алла елшісінің өмір жолымен танысу


Пайғамбарымыздың қандай жауынгер, қолбасшы, ер азамат, қандай көрші, қандай әке болғанын білеміз бе? Өмір жолын оқимыз ба?  Исламды қалай насихаттағанын, кедейлерге, мұқтаждарға қалай көмектескенін, оның өмірінде өзіміз үшін үлкен сабақ алар жайттар бар екенін білеміз бе?


Құранда: «Алланың елшісі – Аллаға, Қиямет күніне үміт артатындарға және Алланы көп еске алушыларға үлгі»-делінеді.


Сондай-ақ «Біз сені барлық адамдарға азан шақырушы және насихатшы етіп жібердік, бірақ адамдардың көпшілігі бұны түсінбейді»-делінген.




  1. Пайғамбар (с.ғ.с) сүннетін сақтау


Пайғамбар сүннеті (с.ғ.с) әр адамның күнделікті тірлігінде, бар ғұмырында басшылыққа алатын алтын жолы. Пайғамбар (с.ғ.с) сүннеті туралы Құранда: «Алла елшісі әкелгенді ұстаңдар және ол тыйым салынғаннан тыйылыңдар»-делінеді.



Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары