Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Кришнаға табынған мұсылман қыз хикаясы (Соңы)
22 желтоқсан, 2015 жыл 255 Басып шығару нұсқасы

-        Алақай, Алақай, жүре ғой сені әткеншекте тербетем, қанекей, Алақайым менің,-деп кішкене ғана төрт бес жасар қызды, сегіз жасар бала қолынан жетектеп, әткеншекке көтеріп отырғызып тербетіп жатты. Екеуі ыңылдап ән салып, күліп, ойнап жатты. «Күә бол жұлдыз, күә бол айым, күә бол Алатауым, аааа».


-        Ағатай, ол өлең емес, мына өлең «Жазираа, жасыл кілем, өрнектеген, туған жерге жер жетпеген» осы әнді айтып берші.


-        Жақсы қазір айтамын. «Жазираааа,жасыл кілем өрнектеген...»


-        Жалғас, Алтынай жүріңдер үйге, ауқат даяар болып қалды.


-        Анашым, қазір,-деген бала, кішкене қызды көтеріп алып, жерге түсірді. Екеуі жүгіріп, ыңылдап ән айтып үйге кірді. Дастархан жайнап, ыстық тамақтың буы бұрқырап, иісі бар үйді алып барады. Анасы мен әкесі де бір біріне күлімдей қарап, өздерінше сыбырласып қояды. Қандай бақытты отбасы. Кенет, бір бірімен сыбырласып жүрген ана мен әкенің де, қарындасым деп отырған баланың да, тіпті дастарханда жайнап тұрған тағамдар да бұлдырланып, көзге көрінбей, сағымдай болып жоғала бастады. Отбасын іздеген қыз шырқырай жылап, қала берді...


-        Қарындасым, Алақайым, таптым ба сені! Аман екенсің ғой. Өзіңді ертерек танысамшы!.  Түс, тағы да сол түстер.  Сол баяғы өзі түсінде көрген адамның сұлбасы тағы көрінді. Қап-қара шаштарынан мейіріммін төге, сипалай отырған адамның келбеті бұл жолы ап-анық көрінді. Бұл Жалғас еді.


Алтынай ақырын көзін ашты. Көз алдында бұған ерекше наздана қарап, көздерінен тамшылаған жасы бетін жуып отырған Жалғасты көрді.




  • Мен қайдамын, мен түс көріп жатырмын ба?,-деп сұрады Алтынай үстіне ауыр жүк артып не таспен бастырып қойғандай ауыр денесін көтере алмай.

  • Алақай, алақаййым менің, қарындасым-ау, аштың ба көздеріңді. Жаратқанға мың шүкір. Иа, Раббым өзіңе көп шүкірлер болсын, қарындасымды өзіме қайтарғаныңа шүкір,-деп Жалғас қуаныштан жарылардай, Аллаға жалбарына, ризалығын білдіріп тұрды.

  • Жалғас ағай, мені қарындасым деп тұрсызба? Рахмет сізге, сіздей ағасы баррдың жағасы бар, сіздей ағам болса, менің арманың жоқ еді. Рахмет, рахмет.

  • Қарындасым –ау, мені танымағаның ба. Мен сені «Алақай» деп еркелететін ағаңмын ғой. Өзіңді әткеншекке тербетіп, саған ән салып беріп, күлдіріп ойнатушы едім ғой. Есіңде жоқ па? Иа, қайдан есіңде болсын, жеті жасыңда, анамыз сені ертіп, кетіп қалып еді. Кейіннен сендерді таппай қалдық қой. Әкем де сендерді жоғалтқаны үшін, көр қиналып құсадан қайтыс болып еді.

  • Жоқ, кешіріңіз мен сіздің туған қарындасыңыз бола алмаймын. Сіз біреумен шатыстырып тұрған шығарсыз. Менде Жаратушысын ұмытқан қыз сіздей иманды жанның қарындасы болуы мүмкін емес. Сіз қателікке бой алдырмаңыз.

  • Алтынай,-деді Жалғасы, бұл жолы сабырлы қатқыл үнмен

  • білем, басыңнан небір жағдайлар өткен екен. Бірақ сен менің бір құрсақтан шыққан қарындасым екеніне  мына дәптер күә болса, екіншіден мына құжат күә,- деп Жалғас қалтасына жасырған Аша әжейдің дәптері мен бір бүктелген құжатты алып көрсетті.

  • Ол не құжат?,-дегендей, Алтынай Жалғастың қолына қарады.

  • Міне мына дәптерде әжеңнің жазған күнделігінде Айжамал деген келіншек пен оның Алтынай деген қызы бар екенін білдім. Менің де анамның аты Айжамал менің қарындасымның аты Алтынай еді. Сол себепті сені алғаш көргенде Алтынай деп атап едім. Ал мына құжат, бұны растағандай болды. Сен жол көлік апатына ұшырағанда, көп қан жоғалтқан себепті, саған қан керек болды. Сенің қаның көп кездесе бермейтін қан тобына жататын болғандықтан, қан табу қиынға соқты. Кенет менің есіме өзімнің де қан тобым сенікіне сәйкес келетіндігі түсіп, саған қан тапсырдым. Тапсыра отырып, дәрігерлерге туыстықты анықтайтын қан сараптамасын жасатып беруін өтіндім. Жасап берді. Қолым дірілдей, жүрегім аласұра ашып көріп едім, екеуіміздің қан сараптамамыз бір ана мен бір атадан туғандарымызды дәлелдеп берді. Міне жағдай осылай. Енді сен менің қарындасым, Алақайымсың,-деген Жалғасқа, көздері жәутеңдеп, манадан бері өксігін әзер басып отырған Алтынай ағатайлап, құшағына жабыса кетті.

  • Ағатайым, ағатайым. Бар екенсің –ау. Менің де бір жанашырымның бар екенін сезген едім. Ағатайым, кешір мені, анамызды сақтап қала алмағаным үшін. Ағатайым-ау, бір анадан тусақ та,алғаш көргенде жат адамдай танымағанымыз қалай болды. Менің де отбасым бар екен ғой. Иық тірер тірегім, бар тынысым, жағам ағатайым өзің екенсің. Енді мені тастап кете көрмеші. Жан ағам менің. Сені алғаш көргенде-ақ, өзіңдей ағалы болғанымды арман етіп едім. Ағатайым, ағатайым,-деп Алтынай еңіреген күйде, ағасын құшақтады. Ағалы-қарындас егіле жылап, табысқандарын көрген дәрігерлер мен мейірбикелер, еріксіз көздеріне жас алып тұрды.


Көлік апатынан аман қалған тек Алтынай мен бір адам. Ал Мирош болса, көліктің алдыңғы терезесінен шығып, анадай жерге барып құлағаннан кейін, ауруханаға жетер жетпестен қаза болды. Қасындағы ағы бір нөкері де апат болған жерде көз жұмыпты. Істің беті ашыла бастады. Әжейдің күнделігін сот қызметкерлеріне апарып тапсырған Жалғас, істің ақырына жетуін қадағалады. Анасының өлімі мен қарындасының жан қиналысына себепкер болған секта мүшелерін жазалауын қолдады. Істің беті ашыла келе, бұрыннан істі болған Мироштың нағыз келбеті ашылып, қылмысын жасырып, полиция қызметкерлерінен бой тасалап, қашып жүргені білінді. Бой тасалауға ең лайықты жер, осы саяжайда орналасқан Кришна қоғамы сектасы еді. Атын өзгертіп, өтірік мантраны аузынан тастамай жүрген Мироштың шын келбеті өзге ұйым мүшелеріне белгілі бола бастады. Махараджа да ат үсті Үндістанға кетіп, бұл саяжайды уақытша өз ізбасарының назарына қалдырыпты. Ал онымен бірге Жансая да ілесіп, шет ел асып, туған елінен безіп кетті. Кришна сектасының ісін біраз айға тоқтатып, шегерген сот ісіне қарамастан, саяжай тұрғындары дуаланған күйде сол мүсініне табынып, өз істерін жалғастырып әлек...




  • Ләилләһә иллә Аллах,Мұхамадур расуллуллаһ,-деп ағасының артынан қайталаған Алтынай бақыттан бал-бұл жайнап, ерекше күйге бөленді.

  • Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі,-деген сәтте еріксіз жанарына жас алған Алтынай, алдында тұрған Құран кітапты қолына ала сүйе берді, сүйе берді.

  • Сен енді мұсылмансың, Алақай, алтын қарындасым менің, енді саған мен жауаптымын. Сені ұзатып, құтты орныңа қондырғанша ақыретте мен жауап беретін боламын.

  • Мен, шынымен мұсылман болдым ба. Мен мұсылманмын, мен мұсылманмын,-деді қуанышында шек жоқ Алтынай. Жүрегінің дүрсілі сыртқа естілгендей, көңілі көкке көтеріліп, бақыт құшағында шалқып жүрді. Мешіттің іші қыздың қуанышты үніне толып, ерекше күйге енгендей болды...


Арада он жыл өтті. Ағалық мейірім мен туыстық қатынасқа еркелеп өскен Алтынай бүгін ерекше көңілді. Жасы отызға таяп қалса да, алғаш домаланған құрсағы бір екі күнге жеткізбейтіндей, тепкіленіп, тыпыршып жатыр. Бірақ Алтынай оған мән бере қоймады. Ішін ұстаған күйі Құран сүрелерін қайталап оқи берді. Қызық, Құран сүрелерін оқыған кезде құрсағы да тынышталып, өзін ерекше жеңіл сезінеді. Он жыл ішінде Құраннан бас алмай, тек жаттаумен болған Алтынай бүгін соңғы сүрені де жаттап болғандай. Сол үшін бақыт құшағына еніп жүр. Өзін түсініп, Алла разылығы үшін жақсы көре білген жан жары да бұның Құранды тұтас жаттап алуына ат салысқан жандардың бірі.




  • Балақай, сен де болашақта үлкен азамат боласың. Раббымыздың сүйікті құлы болып ер жет. Сенің біздің артымыздан дұға еткеніңді қалаймын,-деді ішін сипаған күйі Алтынай. Кенет іші қатты ауырған ол сабырға келе, қалта телефонынан жан жарына хабар берді. Жүрегін қолына ала жүгіріп жеткен отағасы Алтынайды көлікке мінгізе ауруханаға тартып кетті. Екі баласын мен келіншегін ертіп Жалғас та дәлізде тыпыршып тұр. Күйеу баласының иығынан қағып, әке болатынын білдіріп, мақтап тұрды.

  • Құтты болсын, аппақ жүзді, ай көркемді қызды болдыңыздар,-деген жас мейірбикенің даусы бұларды толғандырып жіберді.

  • Аллах маған қыз берді, менің ханшайымым туылды,-деп қуанған Алтынайдың жолдасы да еріксіз бақыттан көзі бал бұл жайнады.

  • Тек, Алтынай ханымның жағдайы мәз емес. Тағаттарыңыз таусылмасын, ханым көп қан жоғалтты.,-дегенде ғана жаңадан бері қуанышқа толы бұлардың жүздері кенет солғын тартып, тіксініп қалды.

  • Қан керек, қан керек,-деген дәрігердің даусы жарқын шығып, Жалғас пен отағасын одан ары әбігерге салғызып, шошындырып қойды.

  • Мен, мен беремін. Менің қаным сәйкес келеді,-деді Жалғасы алқынып.

  • Жүріңіз, бізбен,-деген дәрігердің соңынан Жалғас кете барды.

  • Алтынай ханымның жолдасы кім, сізді көргісі келеді,-деп мейірбике отағасын шақырды. Жалма-жан бөлмеге зытып кірген ол, көз алдына аппақ жүзі сұрланып, шиедей қызыл еріндері бозарып, көзін әзер ашып, ыңырсып жатқан Алтынайды көрді. Төсек жанында кішкене кереуетте жатқан сәби. Алтынайдың жанына келе басына тартылған орамалын артына түре, маңдайынан иіскеген жарына Алтынай әрең тіл қатты:

  • Төрем, сізге қыз сыйладым. Алла бізге қызды болуды нәсіп етіпті. Мен қызымның бой жетіп, ұзатып, бала шағалы болуын көре алмайтын сияқтымын. Денем бір қалыпқа келер емес, аяғым аяғым оратылғандай, көзіме әлде бір сағымдар елестейді. Менің қате кеткен жерім болса кешіріңіз, ренжіткен күндерім болса ғафу етіңіз. Сіздің разы болдым деген бір ауыз сөзіңізді есту мен үшін бақыт. Қызыма анасын ұмыттырмаңыз. Маған Құран жаттауға көмектескеніңіз секілді, қызымызға да бар білгеніңізді үйретіңіз. Менің артымнан дұға жасап жүрсін. Қызыма ақ сүтімді де бере алмайтын болдым-ау,-деді Алтынай көздерінен бір тамшы жас үзіле.

  • Қымбаттым, не деп тұрсың. Қызымызға өзің үйретіп, өзің жақсы тәліміңді бересің. Уызыңа тойдырасың. Өлімді шақыра көрме. Біз әлі-ақ тағыда көптеген балалы боламыз. Маған сен. Бекем бол. Қазір ағаң саған қан тапсыруға кетті. Қан құйып, өз өзіңе келесің. Жарығым, тек қош дей көрмеші,-деді отағасы егіле, Алтынайдың ұзын сүйір саусақтарын қысып.

  • Төрем, мен сезем. Қатты ұйқым келіп тұр. Маған разы болыңыз да мені кешіріңіз. Бізді Алла жаратты, Алланың құзырына қайта барамыз. Ол жақтан ешкім құтыла алмайды. Ерте ме кеш пе,барар жеріміз сол жақ. Тек иманымызбен кетсек болды. Ал мен үшін Алланың разылығы мен сіздің разылығыңызды алу жеткілікті.  Тек разы болыңыз

  • Мен саған разымын, мен саған разымын, мен саған разымын,-деп отағасы қайта қайта айтып, тұншыға жылап, көзің әзер ашып әлсіз жатқан жарын құшақтай.

  • Сізге де Раббым разы болсын. Мен бақыттымын. Бақыттымын. Лә илләхә Иллә Аллах. Мухамадур Расулуллах,-деген Алтынайдың көздері жұмыла тәтті ұйқыға еніп кеткендей болды. Тек көзінен ақпай кірпіктеріне жабысып тұрып қалған жасы бұны мәңгі ұйқы емес, қазір оянатындай күйді көрсетіп тұрғандай болды. Қысылған қолы жібіп, сылқ құлаған Алтынайды көрген отағасының тілі күрмеліп, даусын шығара алмай қалды. Анасының өмірден озғанын сезді ма кереуетте жатқан сәби де шыңғырып жылап қоя берді. Сәби даусынан ес жинаған әкесі даусын шығара «дәрігер, дәрігер» деуге ғана шамасы келді. Іңгәлаған сәби,  жүрегін ұстап ессіз талқысып отырған сәбидің әкесі, басын шайқап Алтынайдың бетін ақ матамен жауып жатқан дәрігер, басын салбыратып тұрған мейірбикелерді, қан алған білегін ұстап, аяғын баяу басып бөлмеге кірген Жалғас  көрді. Жүрегін жұлып алғандай, көкірегі қарс айырыла, әркімге бір жалтақ -жалтақ қарап, төсекте беті жабулы жатқан Алтынайдың жанына барды. Қолдары дірілдей, ақ матаны алып шетке лақтырып жіберді. Көзі жұмылып, бетінде сәл жымиыс бар, аппақ жүзі солғын тарқан қарындасын көргенде, Жалғас та тұрып қалды.

  • Алақай, Алақай, тұра ғой. Сәбилі болдың. Сәбиің жылап жатыр. Тұра ғой, қалқатайым. Неге жатсың?,-деп Алтынайдың қолдарын ұстап, тарта бастады.

  • Кеш енді, кеш!,-деген дәрігердің сөзіне киліккен Жалғас даусын зорайта

  • Қан, қанды құйыңыздар. Қазір ұйқысынан тұрады. Дереу жаңағы қанды алып келіңіздер. Дәрігер менің Алақайымды құтқарып қалыңыздар,-деп егілді.

  • Бәрі бір Жаратушының қолында екенін өзіңіз де білесіз. Жаратушының тағдыры осылай болған екен. Оған біздің шек келтіруіміз мүмкін емес. Сабырға келіңіздер. Мына сәби сіздерге аманат.

  • Алақай, Алтынай, қарындасым, тұра ғой орныңнан. Жарқыным, қарағым, қане басыңды көтерші,-деп өксіген Жалғасты жаңадан бері сабырға келіп, тағдырына көніккен Алтынайдың жары құшақтап, басу айтып сабырға шақырды. «Жаның жаннатта болсын. Раббым қарындасымды рахымыңа бөлей көр. Қош бол, жарығым» деп Жалғас дірілдеген еріндері сәл күбірлей, басын салбырата тіл қатты...

  • Алтынай ұстаз, Алтынай ұстаз, тағы бір сүре оқыңызшы, сіздің даусыңызды ести бергіміз келеді

  • Ұстаз, ұстаз, анаңыз жайлы тағы бір толғаныңызшы. Анаңыз туралы ести бергіміз келеді

  • Ұстаз, Алтынай ұстаз қашан тұрмысқа шығасыз?,-деп жарыса сойлеген қыздарға күліп қана қойған Алтынай әсем даусымен Ниса сүресін оқи жөнелді. Манадан бері жарқын-жарқын сөз таластырып отырған қыздар әп-сәтте тынышталып, әсем нақышына келтіріп оқылып жатқан Құранды сүйсіне тыңдап, ойға шомып кетті...


Құранды жастайынан оқып, жаттап алған, сұңғақ бойлы, аппақ жүзді, қоңыр көзді, қою қап-қара шаштарын жасырып, әдемі ұзын көйлек киген жиырма жасар талдырмаш қыз Алтынай, осыдан жиырма жыл бұрын ақ сүтін еме алмай, анасын бір көрмедім деген арманда қалып, сәті түскен сайын Құран хатым жасап, анасының артынан дұға жасап жүрген сәбидің өзі еді...




P/S  Қазіргі таңда Қазақстанды жайлаған көптеген діни конфессия, ұйым, секталардың етек алып отырғаны анық. Осылардың құзырына кіріп, ата діні ислам дінін ұмытып, басы байлы күйде дүдәмәл түрге еніп сиқырланып жатқан адамдар қаншама. Қазақстанды талан-таражға салғысы келген өзге жұрттар, өз дінсымақ жалғандарын тауып, оны ислам дінімен сусындап өспеген жұртқа таратып, өз мақсаттарында пайдаланып жүр. Кришна қоғамдық сектасы, иегова куәгерлері, сатанизм, Благодать, Алля аят тіпті ислам дінін жамылып, халықты террорлық, экстремистікке шақырып, ұлтты ұлт болып қалыптасуынан тосып отырған жай бар. Осындай көптеген секталардан зардап шеккен адамдар қаншама. Қолындағы бар мүліктерінен айырылып, далада қаңғып қалып жатыр. Бұларға қарсы тұру үшін, ең алдымен ең таза дін ислам дінін көп насихаттап, тіпті мектепте де исламтану сабақтарын жүргізіп, құлшына ат салысу керек. Мешіт, медреселерді көптеп ашып, жастарды білім нәрімен сусындату керек. Алдымызда, осындай секталардың Қазақстанды басып алып, ата дінімізді ұмыттырып, елімізді талантаражға салмасына кім кепіл? Ел болып, жұрт болып, бір жағадан бас,бір жеңнен қол шығарып, бірлігіміз бен тыныштығымызды ссақтау үшін, осындай секталардың көзін жоюға жұмыла кірісіп, бірігу керек. Ұрпақ қамын ойлаған ел, өз дінінде берік, діліне адал, тіліне таза болса, елдің асар асуы кең болмақ екенін еске салайық.



Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы Джаримбетов Мұхит


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары