Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Махаббат – бұл дағды
09 қаңтар, 2016 жыл 304 Басып шығару нұсқасы

Барлық қиындық, сүрлеуімен өмірді жақсы көру – бұл терең сезім. Себебі өмір – Алланың сыйы.


Біз өмірді сүйе білуіміз керек. Қолымызда барға қуану қажет. Барлық жағдайдың, әр адамның жақсы жағын көре білу ғибрат. Бұл қызық, қуаныш, дүниеге ғана қатысты емес. Сондай-ақ өмірдің қиындықтарына, сәтсіздіктеріне қатысты. Себебі бұлар өмір сабақтары. Ол сабақтар бізді Аллаға бағыттайды.


Кез-келген проблема балама табуға мүмкіндік береді. Әркім өзі атқаратын міндеттерден, жұмысынан, оқуынан, басқаларға көмектесуден, туысқандармен араласып тұрудан, құлшылықтан ләззат алуы керек.


Адам өзі істеген ісін жақсы көрсе бәрі өзгермек. Сонда ғана жасаған ісіңіздің бәрі берекелі болмақ. Өзіңіз атқарған жұмысты жақсы көру Аллаға деген махаббаттың бір бөлігі. Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Алла Тағала өз міндеттерін сүйіспеншілікпен атқаратындарды жақсы көреді»-деген.


Аллаға деген махаббат өміріңізді қуанышқа, тыныштыққа толтырады. Алла елшісі тыныштықты құлшылықтан тапқан. Құлшылық уақытын жан демалысының уақыты деп атаған. Өмірдегі махаббат – бұл Алланың сыйы. Алла Тағаланың адам баласын барлық жаратылыстан жоғары қойғандығы, сүйіспеншілік бергендігі үшін де біз Алланы жақсы көруіміз керек.


Өмірде бетіңіз қайтудан, көңіліңіз қалудан, немесе қателесуден қорықпаңыз. Әр нәрсені қалай бар солай қабылдай білу қажет. Себебі адам баласы ол қиындықтардан, қателесуден, сәтсіздіктен қорғалмаған. Өмірдің заңы сол. Онсыз өмір - өмір болмайды. Позитивпен өмір сүру үшін айналадағының бәрін жақсы көре білген керек. Өмірдегі ең үлкен қателік те – әр адамның, әр нәрсенің жақсы жағын көре білмеуден басталады.


Махаббат – бұл меңгеруге болатын сабақ. Оған уақыт үнемдемеңіз. Жүрегіңізді де, көңіліңіз бен сана-сезіміңізді де сергек болуға, жақсылықты көре білуге және әр нәрсені жақсы көруге үнемі үйретіңіз. Сіз айналаңыздағыны, өміріңіздегіні жақсы көре білген кезде ғана жаныңыз жеңілдемек.


Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары