Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Бұзақы аю
15 қараша, 2014 жыл 208 Басып шығару нұсқасы

Бұзақы аюБiр бұзақы жас аю өткен-кеткендi соқ­тықпай құр жiбермейтiн болыпты. Сол өңiрдегi тәртiпсiздiктiң бәрi соның атымен байланысты бола бергесiн үлкен аю оған кеп: - Балам, саған тентектiгiңдi қой демеймiн.
Бiрақ сен былай жасап көршi, бүгiннен бастап сен жұртқа жақсылық жаса да, әр жасаған жақсылығыңның есебi ретiнде бiр тастан қапшыққа салып отыр. Қапшық тасқа толғанда маған көрсет. Жарай ма? - дейдi.
«Оның қиын несi бар?» деп ойлаған бұзақы аю келiсе кетедi. Сонымен жас аю жақсылық жасап, қапшықты тез толтырып, үлкен кiсiден құтылғысы келедi. Ал, бұзықтықты сосын-ақ үлгередi...
Сонымен бiр ай уақыт өткенде, қапшық та толады. Бұзақы аю үлкеннiң алдындағы мiндетiн, уәдесiн аман-есен орындап, ендi өзiнiң «сүйiктi iсiмен» айналысайын десе жамандық жасай алмай қалыпты. Бiр ай бойы тек жақсылық жасаумен болған кiсi жамандықты жатырқайды екен.


 


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары