Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Аллаға сүйікті және сүйкімсіз 7 адам
25 қаңтар, 2016 жыл 337 Басып шығару нұсқасы

Алла Тағаланың жақсы көретін пенделері:


1) Жақсылық жасаушылар: «Және жақсылық жасаңдар. Себебі Алла жақсылық жасаушыларды жақсы көреді» (әл-Бақара 2/195; Әли Имран 3/134, 148).


2) Тәубе етушілер: «Расында Алла тәубе етіп, тазарғандарды жақсы көреді» (әл-Бақара 2/222).


3) Тазаланушылар: «Расында Алла тазаланғандарды жақсы көреді» (әт-Тәуба 9/108).


4) Құдайдан қорқатындар: «... Алла Тағала құдайдан қорқатындарды жақсы көреді» (Әли Имран 3/76).


5) Сабырлылар: «Алла сабырлыларды жақсы көреді» (Әли Имран 3/146).


6) Үміттенушілер: «...Алла үміт үзбейтіндерді жақсы көреді» (Әли Имран 3/159).


7) Әділ адамдар: «Расында Алла алаламайтындарды жақсы көреді» (әл-Маида 5/42).


8) Алла елшісінің жолымен жүрушілер: «Айт: «Егер сендер Алла Тағаланы жақсы көрсеңдер, менің жолыммен жүріңдер, сонда Алла сендерді жақсы көріп, күнәларыңды кешіреді. Алла – Кешіруші, Мейірімді» (Әли Имран 3/31).


Алла Тағаланың жақсы көрмейтін пенделері:


1) Қылмыскерлер: «Алла Тағала қылмыскерлерді жақсы көрмейді» (әл-Бақара 2/190).


2) Дінсіздікті таратушылар: «Алла дінсіздікті таратушыларды жақсы көрмейді» (әл-Маида 5/64).


3) Адамгершілігі жоқтар: «Алла Тағала кез-келген адамдығы жоқ күнәһарларды жақсы көрмейді» (әл-Бақара 2/276).


4) Заңға бағынбайтындар: «Алла заңға бағынбайтындарды жақсы көрмейді» (Әли Имран 3/57).


5) Ғайбат айтушылар: «Алла ғайбат айтушыларды жақсы көрмейді» (ан-Ниса 4/148).


6) Тәкаппарлар: «Расында Ол тәкаппарларды жақсы көрмейді» (ан-Нахл 16/23).


7) Дінсіздер: «Расында Ол дінсіздерді жақсы көрмейді» (ар-Рум 30/45).


8) Ысырап етушілер: «...Ол ысырап етушілерді жақсы көрмейді» (әл-Анам 6/141).


Әмина Омарова


Қарағанды облыстық орталық мешіті

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары