Сәлем сөздің анасы. Қазақ халқында сәлемдесу дәстүрі шариғатқа сай қалыптасқан. Құранда «Нұр» сүресі-61 аятта: «Қашан үйлерге кірсеңдер, өздеріңе «мұсылмандарға) –Алла тарапынан көркем берекет тіршілігін тілеп, сәлем беріңдер!» -делінген. Осы аятқа зер салып қарасақ, әрбір пенде өз үйіне кірерде, есікті ашқанда «Бисмилла» деп сәлем беріп кіруі тиіс екен. Үйде адам жоқ демей сәлем беруі сәлемнің әдептерінен екен. Осы сәтте айта кететін бір жайт қонаққа барғанда, кейбір ағайындар сырттан келген бетте қолын жумай жатып үстел басында отырғандармен амандасады да, кейіннен кейіннен қолын жуып үстел басына отырады. Бұл дұрыс әдеп емес. Негізінде шариғатымызда көпшілік отырған жерде дауыстап «Ассаламуалейкум» десе жеткілікті. Отырғандардан бір адам көпшіліктің атынан «Өз араларыңызда сәлемді таратыңыздар» деген. Бұл хадисте танитын танымайтын деп бөліп тұрған жоқ «өз араларыңызда» яғни, жүрген жерлеріңізде деген мағынаны қамтыды. Әлбетте сәлемдесу әдебінің де өз ережелері бар:
Сонымен қатар, халқымызда ұзақ уақыт көріспеген жандар немесе ұзақ сапардан келген адамның амандығымен қоса, жөншілігін сұрап, егжей-тегжейлі сұрасады. Алыстан келген адамға «алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы адам барып сәлем береді» деген тәрбиелі қағида бар. Дегенмен, жасы мен жолы үлкен адамдарға сапардан келген адам өзі әдейілеп барып, сәлем беруі тиіс. Мұндай ізеттілік адамдар арасындағы таутылқ пен берекенің бастау болған.
Оралбай Ермахан
«Әл- Машани» мешітінің наиб имамы
ihsan.kz
Пікірлер