Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Адамға алғыс айтпағанның , Аллаға шүкірі болмас!?
18 қазан, 2020 жыл 914 Басып шығару нұсқасы

Алғыс айту – дегеніміз, адамзат баласы өзінің жан дүниесін, сана сезімін тебіренткен қуатты болмысын дәлелдейтін, ризалық көңілін екінші жан иесіне шынайы айтып жеткізетін бағыланды бата, берекелі тілегі. Бұл үрдіс ел болып, әр ұлттар, халқымыздың арасында бұлжымас дәстүр болып қалыптасқан озық қағида. Сонау әлмисақтан бері бабаларымыздың дәуірінен алшақтап кетпей күні бүгінге келіп жеткен алғыс айту ғұрпы әдетке айналған. Ол әдет, арнасынан жаңылмай әдепке тұрақтады. Әдептің киелі шеңбері алғыс айту сөздері арқылы адамдар бір біріне қуаныш сыйлайды. Қайғының қапасы, уайымның зарынан мезілікке дұшар болған әрбір адам баласына алғыстың самалы жетісімен көңіл күйі оңалып, жадырап сала беретіні ақиқат.

         Өрісі кең, пейілі дархан қазақ халқы алғыс айтудан еш жалықпаған. «Алғыс, бата», - деген егіз ұғым ел арасында қатар жүреді. «Алғыс» алға бастаса «бата» оны қуаттайды.

         Аға буын абыз ақсақалдар жиын ортада, ел іші, жастар қауымына алғыс тілектерін әрдайым айтып жеткізіп отырады.

         «Қолыңды жай балам! – Ақ батамды берейін. Аялы алғысымды білдірейін», - деп даналығын паш етіп келген. Әрине, бұл өте үлкен тәрбие, өзгелерге үлгі. Көңілді жадыратып, жақсылыққа жетелейтін даналық сөз, даңғыл жол. Олай болса, даңғылдың осы шуақты жолында даналық сөзімен ұрпақтары ортасында бақытты бір сәттерін өткізіп отырған әкемнің ұмытылмас күндерінің бірін көз алдыма елестетіп көрейін.

***  ***  ***

         «Ата – ананың қадырын біліп те өткен күндер – ай»,

            «Ата –ананың қадірін білмей де өткен күндер – ай».

            «Жақсының қадірін білмесең – жақсылығың алшақ кетеді –ай»,

            «Жақсының қадірін білгенге – Тәңірім нұрын себеді –ай!». (Автор)

 

Өз ағымымен адамзатты бағындырған милади жыл санауының жыл он екі айда бір келетін Жаңа жыл мерекесін барлық туысқандар бас қосып бір шаңырақ астында белгілеп өткізетін үрдіс әулетіміз арасында қалыптасқан болатын. Сол бір естен кетпес жиырма жыл бұрын туысқанымыздың бір отбасы аясында Жаңа жылды қарсы алып мәре сәре болдық. Осы отырыста Әкем баршамызға өсиетнамасын оздырып айтып есімізге сала отырып мерекелік құттықтауын жеткізуімен қатар немерелеріне де сый сияпат жасап сыйлықтарын табыс етіп алғыс батасын білдірген еді. Әкем сөз кезегінде:

-«Балалы үй базар, болмаса болашағы тозар», - дейді халық нақылы. Дәл қазір көз алдымда асыр салып шапқылап жүрген немерелерімді көріп қуанып отырмын. Жаңа жылдарың құтты болсын!. Өлең айтып тақпақ оқып шағын концерт қойып керемет дайындалғанына разы болмасқа не шара. Және қарғам Айсұлудың бүгін туған күні екен. Сыйлап шақырғанына рахмет айтамын. Туған күнінің құрметіне сыйлығымды ұсынамын.   Немерелерім бәрі өнерлі көрінеді. Әрқайсысына ақшалай  сыйлығым бар соны ұсынайын деп отырмын.  Кәне бері келіңдер деп беттерінен иіскеп сыйлығын үлестірді.

Алғыс айтуды халық салт дәстүрі ретінде қабылдауының маңызы тереңде жатыр. Себебі, мұсылман үмбетіне, адамдарға «алғыс» - айта білудың маңыздылығын Раббымыз Құранның аятында үйретіп, баян еткен. «Сендер Мені еске алыңдар, сонда Менде сендерді еске аламын. Маған шүкіршілік етіңдер және әсте күпірлік етпеңдер» - деген. (Бақара сүресі, 152 – аят). Аятты қайталап тағы бір мәрте түсіндіріп өтейін. Біз Раббымыздың әрбір ниғметтеріне шүкірлік етуіміз міндет. Ал, шүкірсіздік, істерімізді берекесіз етеді. Яғни алғысы жоқ жақсылықтың қадірін білмейтін кісінің ісінде береке болмайды. «Кім адамдарға (жақсылықтарына) алғыс білдірмесе, Аллаға шүкіршілік етпегені». (Әбу Дәуідтен келген. Сахих хадис). Жақсының қадірін білмегеннен жақсылық кетеді.

Құрметті оқырман, «Алтын деген болады – ол жер сыйы, ал алғыс – бата айтылады, ол – ел сыйы». Яғни адам баласы ниетіне қарай табысқа ие болады. Шүкірлігі шынайы, көркем болған сайын Алла құзырындағы дәрежесі де биіктей түседі деген сөз. Адамдарға шүкірлік етіп алғысын білдіруі адам баласы өзіне жақсылық жасаған, сондай – ақ іске себепкер болған адамға да әрдайым өзінің алғысын, рахметін айтып жүруі тиіс. Ендеше Әкеміздің бойындағы үлкенге де кішіге де бір көзқарас танытатын дархан мінезі баршамызға үлгі болмақ. Адам баласын ардақтаған Алла Тағалаға мыңда бір шүкір. Алла жар  болғай!

Серікбай Шынуар

 

        

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары