«О, Пайғамбар! Біз сені Алла шақыратын куәгер, жақсы хабар жеткізуші және сақтандырушы насихатшы және нұр шашушы шамшырақ ретінде жібердік» (33:45-46).
Қиын жағдайларда, көңілсіз сәттерде Алла елшісінің көңілімізге медет болатын 12 хадисін назарларыңызға ұсынамыз:
«Шынында, көзіміз жылайды, жүрегіміз мұңаяды, бірақ біз Жаратушымызға жағатынды ғана айтамыз!»
«Жеңілде, қиындатпа және жақсы жаңалықпен қуант, шошытпа».
«Жақсылыққа үміт арту да Аллаға құлшылық ету болып табылады».
«Індет те жоқ, жаман белгі де жоқ! Бірақ маған оптимизм ұнайды. Сонда Пайғамбарымыздан «Оптимизм деген не?»-деп сұрайды. Алланың елшісі: «Жақсы сөз»-деген екен.
«Алла Тағалаға шақырыңдар және Оның сендердің дұғаларыңа жауап беретініне сенімді болыңдар.
«О, Адамның баласы! Саған үмітсіздік пен үміттің арасында таңдау еркіндігі берілді. Бірақ сен өз үмітіңді Алладан табуың керек, ал үмітсіздік – шайтаннан, ол тақуаларға зиян тигізеді. Бірақ ол Алланың қалауынсыз оларға зиян тигізе алмайды».
«Алланың алдында сенімі әлсізден гөрі сенімі күшті тақуа жақсы және неғұрлым сүйікті, дегенмен екеуінде де қайыр бар. Өзіңе пайда әкелетін дүниеге ұмтыл, Алладан көмек сұра, салыңды суға салма, егер басыңа іс түссе: «Егер мен солай жасағанымда осылай болар еді» - деме, «Бұл Алланың жазғаны және Ол қалағанын істеді»-деп айт. Себебі «егер» деген бұл сөздерің шайтанның істеріне жол ашады».
«Егер адамдар жақсылық жасаса біз де жақсылық жасаймыз, егер әділетсіздік жасаса біз де әділетсіздік жасаймыз»-деушілердің қатарынан болма. Мұның орнына өздеріңе жақсылық жасаған адамдарға жақсылық жасауды үйрен және әділетсіздікке әділетсіздікпен жауап қатпа».
«Егер менің қандайда бір жақсылығым болса, мен оны сендерден жасырмаймын. Кім ақылды болса Алла оған ақылды болуға мүмкіндік береді. Кім адамдарға арқа сүйеуден бас тартса Алла оны байытады. Кім сабырлық таныста Алла оны сабырлы етеді. Ешкімге сабырдан асқан сый берілмеген».
Алла Тағала: «Менің құлым Мен туралы қандай ойда болса Мен сондаймын және ол мені есіне алғанда Мен онымен біргемін. Егер ол Мені есіне алса, Мен оны есіме аламын. Егер ол мені қоғамда еске алса Мен оны одан да жақсы қоғамда арасында еске аламын. Егер құлым маған бір қарыс жақындаса, Мен оған шынтақ жақындаймын, егер ол Маған шынтақ жақындаса, Мен оған кере құлаш жақындаймын, егер ол Маған қарай қадамдап жүрсе Мен оған қарай жүгіремін!».
«Кім көп тәубе етсе Алла соған қамқор болады, қиындықтардан құтқарады және күтпеген жерден сый береді».
«Тақуаның (мүміннің) жағдайы таңқаларлық. Шынында, кез-келген жағдай ол үшін қайырлы. Және бұл тек мүмінге ғана қатысты. Егер қуаныш келсе ол шүкір етеді. Және бұл ол үшін қайырлы. Егер қиындық келсе сабыр қылады. Және бұл да ол үшін қайырлы».
Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с) өлім аузында жатқан бозбалаға келіп қалын сұрайды. Бозбала: «Мен Алланың мейіріміне үміт етемін және өз күнәларым үшін қорқамын»-дейді. Сонда Алланың елшісі: «Егер осындай сәтте құлдың жүрегінде осы екі сезімге орын табылса, Ол оған үміт еткенін береді және оны қорыққанынан қорғайды»-деген.
«Егер Қиямет қайым келсе де біріңіздің қолыңызда бұтақ болса үлгергенінше қадай берсін».
Әмина Омарова
Қарағанды облыстық орталық мешіті
Пікірлер