Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Мәуліт айы мүбәрак болсын!
26 қазан, 2020 жыл 384 Басып шығару нұсқасы

Барша әлемдердің Раббысы болған Алла Тағалаға мақтаулар болсын, екі дүниенің сардары болған асыл Пайғамбарымызға  сансыз салауаттар болғай! Күллі мұсылмандар үшін орны ерекше болған Раббиул әууәл айы да келіп жетті. Бұл айда барша адамзатқа рахым болып жіберілген Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен ігілігі болсын) дүниеге келген.

Хақ Елшісі (оған Алланың сәлемі мен ігілігі болсын) бір хадисінде: «Мені ең көркем үлгіде тәрбиелеген - Раббым» деген болатын. Ұлы Жаратушының сүйікті Елшісін (оған Алланың сәлемі мен ігілігі болсын) жақсы көрмеген, Оның сүннетін берік ұстанбаған адам шынайы мұсылман бола алмайды. Өйткені Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен ігілігі болсын) былай ескерткен еді: «Кімде-кім мені өз баласынан, әкесінен және барлық адамнан артық жақсы көрмейінше иман бола алмайды». Яғни, момын мұсылманның Хақ Елшісіне (оған Алланың сәлемі мен ігілігі болсын) деген ынтық сезімі дәйім асқақтап тұруы тиіс.

Еуропа ғалымы Пренс Бисмарк  ардақты Пайғамбарымыз жайлы былай деп айтқан екен: «Мен мынаны мойындаймын. Мұхаммед – ғажап бір күш. Жаратушы мұндай кісіні екінші рет жарата қоймас. Ей, Мұхаммед, сенің замандасың бола алмағаныма қатты өкінемін. Өзің таратқан мына кітап сенікі емес. Ол Құдайдікі. Бұл кітаптың Алладан екенін мойындамау – ғылымды түгелдей жоққа шығарғанмен бірдей күлкілі нәрсе. Адамзат баласы сен секілді ғажап адамды бір-ақ рет көрді, енді көре алмас. Мен сенің алдыңда құрметпен бас ием».

Бұл айда «мәулітті» тойлау қаншалықты дұрыс дейсіз бе?! Яһуди қауымы Мұса пайғамбардың перғауыннан құтылған мерзімі ретінде «Ашура» күндері ауыз бекітіп, бұл күнді мерекемен өткізеді. Олай болса, күллі адамзаттың шапағатшысы Мұхаммед (оған Алланың сәлемі мен ігілігі болсын) дүниеге келген күнді неге атап өтпеске?! Хасан әл-Басри айтқандай: «Менің Ухуд тауындай алтыным болса, оны Пайғамбарымыздың мәулітін оқытуға жұмсаған болар едім». Бұл – Пайғамбарымызға деген махаббаттан!

Бұл айда Пайғамбарымыздың өмірбаянын оқу өте маңызды дүние. Барша әлемнің нұры болған ардақты Елшіміздің өмірін оқу, мазмұнын өскелең ұрпағымызға жеткізу осы Мәуліт айында іске аспаса қашан іске асады?! Елшіміздің (оған Алланың сәлемі мен ігілігі болсын) көзін көріп, өнегесін үйренген  сахаба Сағд ибн Әбу Уаққас былай деген екен: «Біз Пайғамбарымыздың өмірін балаларымызға Құраннан сүре үйрететіндей үйрететін едік».

Ендеше, мәуліт айы мен мерекесінде мүмкіндігімізді мүлт жіберіп алмайық!

Сәтбаев қаласы

«Балмағанбет Балқыбайұлы» орталық мешітінің азаншысы

Сағындық Мұхиденұлы

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары