Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Шәкәрім Құдайбердіұлы: Өлімнің хақ екенін білсең де, өлместей омыраулап, жатасың.
30 желтоқсан, 2021 жыл 1163 Басып шығару нұсқасы

Өлімнің хақ екенін білсең де,

Өлместей омыраулап, жатасың.

Тозақтың барын біліп жүрсең де,

Күнәға, әлің келсе, батасың.

Сауап көп ғибадатқа десең де,

Жалығып, жалқауланып жатасың.

Адалдың адал рызқын жесең де,

Арамды әдейі іздеп татасың.

Сыртыңды сыланасың өң беріп,

Ішіңнің түзетпейсің хатасын.

Айла мен алдағанды жөн көріп,

Адамды аң орнына атасың.

Жалғанның бір пайдасын көргенде,

Амалсыз қара тастай қатасың.

«Иманым»

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары