Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сабыр етушілердің сыйы – Жәннат
04 қараша, 2020 жыл 2253 Басып шығару нұсқасы

Сабыр етушілер жайында қасиетті Құранда өте жиі айтылады. Имам Ахмад:

 «Сабырлықтың құндылығы жайлы Құранда тоқсан мәрте атап өтіледі»,-дейді. Сол аяттардың бірінде Алла Тағала:

إِنَّ اللَّهَ مَعَ الصَّابِرِينَ

«Расында, Алла сабыр етушілермен бірге» ("Бақара сүресі", 153-аят).

 

Ғалымдардың пікірінше сабырдың негізгі 3 түрі болады:

қиындыққа,

құлшылыққа және

күнәға қарсы сабыр ету.

 

1. Қиыншылыққа сабыр етуші ең әуелі Алладан болатын сауаптан үміттенуі қажет. Өйткені, Алла Тағала Құран Кәрімде «Зүмәр» сүресі, 10-аят: «(Бір Аллаға құлшылық ету жолында) ешқандай қиындыққа мойымай сабырлық танытқан жігерлі жандарға сый-сыяпаттары қисапсыз беріледі,» – деп момын мұсылмандарға үміт сыйлаған. Яғни, қиыншылыққа қаншалықты сабыр етсе, соншалықты Алланың есепсіз сауаптарына кенелетіндігі туралы айтылады.

Сабырлы болу – мұң-мұқтажың Алладан басқа ешкімге тіс жарып айтпау деген сөз. Бұл туралы Хақ Елшісі (с.а.у) бір хадис-шарифінде: «Табаныңа шөңге кіргенде, Алланың разылығы үшін қаншалықты сабырлық таныта алсаң, саған соншалықты сауап (каффарат) жазылады», – дейді. Яғни, адам жаны күйзеліске ұшыраған сәтте, байбалам салмай, Алланың разылығы үшін барынша байыптылық таныта білсе, одан асқан рухани бай адам жоқ.

 

Пайғамбарымыздың бүкіл өмірі сабырлылыққа тұнып тұр. Әлі дүниеге келмей тұрып әкесін, алты жасында анасын, сегіз жасында атасын, пайғамбарлығының оныншы жылында өзін қорғаштап жүретін көкесі Әбу Талибті, содан үш күн өте дінді тарату жолындағы ең жақсы көретін әйелі Бибі Хадишаны (радиАллаһу анһа), Ухуд соғысында шейіттердің мырзасы болған Хазірет Хамзаны (радиАллаһу анһу) өзінің жеті баласының алтауын және де көптеген немерелерін бір-бірден Аллаға табыстады. Иә, олардың кейбіреулері жас шағында, ал кейбіреулері біраз есейген шағында қайтыс болды. Сонымен қатар, қатты жақсы көретін сахабаларының көбісін өз қолымен қабірге қойды. Көптеген қиыншылықтарға, балағат сөздерге, жала жабушыларға, аштық пен жоқшылыққа тап болды. Соғыстарда жараланды, азапты дерттерге де душар болды.

 

2. Құлшылыққа сабырлық өз алдына үшке бөлінеді.

Олар:

а. әрдайым құлшылықта болу;  Ғибадатқа сабыр.Күн сайын бес уақыт намазға сабырлық танытуда пайғамбарымыздан өнеге алуымыз керек. ол (сас) аяқтары іскенше түнделетіп намаз оқшы еді, соғыс үстінде болса да намазды қаза етпеуге тырысатын.

б. ықыласпен, яки көркем түрде орындау; Өмірдің тәттісімен қоса ащысы, қызығымен қоса қайғысы да бар, сондықтын тағдырдың ауыр сынына да ризашылықпен қабылдау керек. 

в. оны (құлшылықты) біліммен көркемдеу.

Сондықтан құлшылық жасағанда үнемі ниетті, ықыласты түзетіп отыру, ол да сабырлық арқылы жасалынады. Ал, біліммен жасалған амал, амалдың білімсіз жасалғанынан қайырлы һәм берекелі болады.

 

3. Сабырлықтың үшінші түрі ол – күнәға қарсы сабыр ету. Сабырлықтың бұл түрінің екі себебі және ерекше бір пайдасы бар.

Бірінші себеп: күнә істен кейін болатын Алланың жазасынан, азабынан қорқу.

Екінші себеп: Алла Тағаладан шынайы түрде ұялу. Осы екі себептің екіншісі біріншісінен абзал. Өйткені, Алладан ұялған адам, Алла ризалығы үшін күнә істемейтін болса, ал Алланың азабынан қорқып, күнә істемеген адам күнә арқаламау үшін жаманнан тыйылған болып есептеледі. Күнә істемеуге сабырлықтың пайдасы туралы айтатын болсақ. Әр кезде сабырлық етіп, күнә істемеген адам имандылығын сақтап қалады. Яғни, иманына нұқсан келмейді.

Сабырдың ақыреттегі жемісін мына хадистен білеміз. Мекке кезеңінде Пайғамбарымыз ешқандай қарсы күш қолданбады. Сахабаларын үнемі сабырлық пен ұстамдылыққа шақырды. Қандай қатігездікке тап болса да еш мойымастан асқан шыдамдылықпен 13 жыл бойы халықтың жүрегіне жол табуға тырысты. Ясир отбасы ақиқат жолында азапталып, шейіт болғандардың ең алғашқылары еді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Ясир отбасы сабыр сақтаңдар. Барар жерлерің − жаннат» деп қиын сәтте де шыдамдылық пен сабырдан таймауға шақырды.

Жаратушы Алла бастарына қиындық келгенде сабыр етіп, сауабын Жаратушыдан үміт ететін ізгі пенделерден етсін

 

Айтқазин Рауан

Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары