Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Әдепті ұйқы
09 ақпан, 2016 жыл 438 Басып шығару нұсқасы
AliP9luUEdYwJp5UZhuhaWIpuNqgDQWFbPg7cwSNTt19

Мұхаммед Пайғамбарымыздың (ﷺ) ұйықтар алдындағы сүннеттері:

Ұйықтар алдында «Биссмиллә» сөзін айтып, үйдің есік-терезесін жауып, жарықты өшіріп, тамақ тұрған ыдыс-аяқтың бетін жабу қажет.

Хадисте: «Содан кейін Алланың атын атап, есіктерді жабыңдар. Жарықты өшірер алдында Алланың есімін айтыңдар. Алланың атымен су тұрған ыдыстарды жабыңдар. Алланың атын атап тамақтың да бетін жабыңдар. Тіпті қақпақ болмаса да үстінен әлденемен жабыңдар, сонда шайтан жабық ыдысты аша алмайды».

 

  1. Тісті мисуакпен тазалап, дәрет алу абзал.


 

  1. Төсек-орынды үш мәрте сілку керек.


 

  1. Басын құбыла жаққа беріп, оң қолын басына жастап, оң жағымен жату қажет. Ғалымдар «Оң жағымен жату – сүннет, сол жағымен және шалқасынан жату – рұқсат, ал екпетінен жату - мәкрүһ» - деп пәтуа шығарған. Екпетінен жатудың Алла Тағалаға ұнамсыз екені жөніндегі хадистер де жеткілікті.


 

  1. Айша анамыз: «Ардақты Пайғамбарымыз (ﷺ) әр күні ұйықтауға жатқанында «Ықылас, «Фәлақ», «Нас» сүрелерін оқып, екі алақанына үрлеп, сол алақандарымен басынан бастап қолы жеткен денесін сипайтын. Бұл ісін үш рет жасайтын»-деген.


 

 

Әмина Омарова

Қарағанды облыстық орталық мешіті

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары