Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Мұхаммед (ﷺ) пайғамбардың мінезі қандай еді?
11 қараша, 2020 жыл 1114 Басып шығару нұсқасы

Бүкіл мақтау мадақтау Әлемдердің Раббысы болған Алла  Тағалаға тән. Алла Тағаланың сүйікті елшісі, адамзаттың ардақтысы, соңғы пайғамбары  Мұхаммедке (ﷺ)  Алланың сәлемі және мейірімі  болсын! 

 Бір күні хазіреті Хусейн әкесі хазіреті Алиден Пайғамбарымыздың (ﷺ) мінезі жайында айтып беруін өтінеді. Сонда хазіреті Али Пайғамбарымыздың (ﷺ) мінез-құлқын былайша сипаттап береді: «Пайғамбарымыз күлімсіреген жүзді, мінезі жақсы, нәзік жүректі еді. Ешқашан дөрекі немесе сыңаржақты емес еді. Аузынан ешқандай да жаман сөз шықпайтын. Өзгелердің қимылы мен әрекеттерін сынамайтын немесе жамандамайтын. Ұнатпаған бір әрекетті байқаса ештеңе айтпайтын және оған көңіл бөлмейтін. Егер сондай қылық көрсеткен адам өз әрекетін дұрыс санайтын болса, ол адамды айыптамастан, жүрегін ауыртпастан ол әрекеттен бас тартатын. Немесе ондай жағдайда ештеңе айтпай астарлап сөйлеп, ұнатпағанын жеткізетін.
 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) үш нәрседен сақтанатын:
1. Тартысудан және ұрсудан;
2. Қажетсіз сөйлеуден;
3. Өзін қызықтырмайтын іспен айналысудан.
 

Сол секілді өзгелер үшін де 3 нәрседен алыс тұратын:
1. Ешкімді сынамайтын;
2. Ешкімге тіл тигізбейтін;
3. Өзгелердің сырын білуді қаламайтын.
Пайғамбарымыз (ﷺ) сөйлеген кезде барлық сахабалар үнсіз қалып, бастарын иіп тыңдайтын. Көпшілік бір нәрсеге күлсе, ол тек күлімсіреп қоятын. Егер бөтен біреу оған құрметсіздік жасап, дөрекі сөйлейтін болса, Пайғамбарымыз (ﷺ) оны сабыр етіп, үнсіз тыңдайтын. Пайғамбарымыз (ﷺ) өзін мақтағанды жақсы көрмейтін. Біреу көрген жақсылығы үшін оған рахмет айтса, рахметін қабыл алатын. Ол ешкімнің сөзін бөлмейтін еді. Пайғамбарымыз (ﷺ) өте жомарт еді. Онымен жолдастық еткендер оған қатты таңырқайтын» (Шибли, Ислам тарихы. Асры саадет. ІІ, 873-874 б.).

Міне көріп отырғанымыздай екі дүниенің ардақтысы болған Пайғамбарымыз (ﷺ) осындай өнегелі мінез-құлыққа ие болған. Иншалла бізде мінезіміздің жақсы болуы үшін Аллаға дұға етіп, Пайғамбарымыздың (ﷺ) мінезінен үлгі алайық.

Пайғамбарымызға  (ﷺ) құрмет ретінде Мәуліт мерекесі аталып өтуде. Мәулітті тойлату турасында атақты ғұламалар көптеген пікірлер қалдырған. Көпшілікке танымал, беделді ғұлама Имам Суютый: «Менің пікірімше, адамдардың мәуліттің құрметіне жиналып Құран оқуы, Мұхаммедтің (ﷺ) пайғамбарлығы, дүниеге келуі турасында әңгіме етуі, ысырапкершіліктен сақтанып ас ұсынуы Алла елшісіне (ﷺ) деген құрмет ретінде жасалған игі әрі сауапты іс және қуаныш», – деген. Әбу Шама бұл мейрамға анықтама беріп: «Біздің дәуіріміздегі жақсы амалдың бірі – мәулітті садақа берумен, уағыз айтумен және өзара жайдары болумен өткізу. Осының бәрі Пайғамбарымызға (ﷺ) деген сүйіспеншілік пен құрметтің әрі Алла Тағалаға болған шүкіршіліктің белгісі» деген.

Мәулiттiң атап өтілуіне кезінде ислам ғұламалары жоғары баға берді. Имам Науауи: «Жыл сайын Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған күнiне сәйкес келетiн осы күндерде iстелетiн  садақалар, амру-маъруф және адамдардың бойынан көрiнетiн көркем мiнездiлiк пен қуанышты iстер – осы заманымыздың ең жақсы жаңалығы»,– деген.

Барша мұсылманның сүйіктісі болған Пайғамбарымызға (ﷺ) салауат айтып, өзгелерге жақсылық жасаудың сауабы теңдессіз. Құран оқып, Алла елшісінің (ﷺ) өмірі мен өнегесі жайлы кітап оқудың да мұсылманға берері мол. Мәуліт мерекесі кіргенде ғибадаттарымыз арттырып, Алланың разылығына бөленуге мүмкіндік зор.

 

Түкетаев Ардақ Әділханұлы

Ақтоғай аудандық орталық мешіттің бас имамы

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары