Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Уақытты тиімді пайдалану
12 қараша, 2020 жыл 194 Басып шығару нұсқасы

Тағдырымызға мұсылмандықты жазып, көл-көсір нығметтер берген Аллаға сансыз мақтаулар мен хамд болсын! Кейінгі келетін үмметін сағынышпен еске алған, бойынан Құранның иісі аңқыған Пайғамбарымызға сансыз салауаттар болғай!

Әлемдердің Раббысы Алла Тағала бүкіл жаратылыстарын жаратып, оларды иләһи жүйе мен тәртіпке бағындырған.  Құранда Алла Тағала былай дейді: «Оларға түн бір белгі. Одан күндізді ажыратамыз. Сонда олар, қараңғылықта қалады. Сондай-ақ күн белгіленген көлемінде жүреді. Міне осы аса үстем, әр нәрсені білуші Алланың өлшеуі. Тағы айдың орындарында өлшеп қойдық. Ескі құрманың қураған бұтағындай болғанға дейін. Күннің айға жетуі мүмкін емес. Және түнде күндізден ілгерлемейді. Барлығы көкте жүзеді» («Ясин сүресі», 37-40 аяттар). Алланың жаратылыстарының барлығы осындай жүйеліліктен тұрғанда, сол жаратыстарының ішіндегі ең көркемі деп танылған адам баласы өмірінде бейберекетсіздіктің орын алуынан аса сақ болып,  әр ісін тәртіп пен жүйеге негіздеуі тиіс. Адам баласына сынақ ретінде берілген уақытты бос және пайдасыз істермен өткізбеуіміз керек. Керісінше оны тиімді пайдалану – мұсылманның басты міндеті болып табылады. Сөзі мен ісі қабысқан шынайы мұсылманның пайдасыз істерден аулақ жүретіндігі анық. Бұл жөнінде Құран Кәрімде былай делінген: «Олар бос және пайдасыз істерден аулақ жүреді» («Муминун» сүресі, 3-аят). Осы сүре арқылы Алла Тағала мұсылман адамды өзі үшін де, қоғам үшін де пайдалы істермен айналысуға шақырады. Ибн Аббастан (р.а.) риуаят еткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың ігілігі мен сәлемі болсын): «Адам баласы екі нәрсенің қадірін білмейді: бос уақыт және денсаулық», - деп ескерткен.

Муғауия ибн Курра (оған Алла разы болсын) да былай деген: «Қиямет күні ең ауыр есеп – бос уақыттың есебі». Сол себепті болса керек, қасиетті Құранда мұсылманға бос уақытқа орын қалдырмау, Аллаға ұдайы құлшылық жасау туралы былай айтылған: «Босағаныңда дереу қайта жұмысқа кіріс. Раббыңа құлшылық жаса» («Шарх» сүресі, 7-8 аяттар).

Қорыта келгенде, ардақты Елшіміз айтқандай, «Мына дүние амал уақыты, есеп уақыты емес, ал о дүние есеп уақыты, амал уақыты емес».

 

Сәтбаев қаласы,

«Балмағанбет Балқыбайұлы» мешітінің

наиб имамы Бекзат Қа

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары