Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Бауырыңа қысастық қылма
18 ақпан, 2016 жыл 176 Басып шығару нұсқасы
S5ym2LXcPv4Жаздың күні өзен жағасында бір топ бала асыр салып ойнап жүреді. Олардың арасында Гаффар есімді бала да бар еді. Оның жан-жануарларды, жәндіктерді аяусыз қинайтындығы себепті балалар оған Гаддар (қатыгез) деп ат қойған. Сол мезет оған өзімен бірге ойнап жүрген қатарластарының ойындары ұнамай, басқа жаңа ойын ойлап таппақ болады. Бірнеше досын жеке алып кетіп, бәрі ақылдасып өзгелерге өздерінің жаңа ойын ойлап тапқандарын жеткізеді.

Басқа балалар бұған елең етісіп, қызығушылық танытты. Сол кезде Гаффар өзінің достарымен бірге жүзу білмейтін Әли есімді баланы көтеріп алып, өзенге тастап жібереді. Зәресі ұшып, суға тұншыққан Әли өзен бетінде бір батып, бір шығып, жағада тұрғандарды көмекке шақырады. Оны судан алып шығуға ешкімнің батылы бармайды. Сол сәтте әлгі балалардың арасындағы біреуі киімін шешіп тастап, суға сүңгіп, Әлиді аман-есен алып шығады. Бұл баланың есімі Исмайыл еді. Сол арадан кездейсоқ өтіп бара жатып, осы оқиғаға куә болған қарт кісі Исмайылдың басынан сипап: «Балам, сен Пайғамбарымыздың (ﷺ) бұйырғанын орындадың. Алла саған разы болсын!»-дейді.

Мұхаммед Пайғамбарымыз (ﷺ) бір хадисінде: «Мұсылман - мұсылманға бауыр. Ол оған жамандық жасамайды және оны қаскөйлердің қолында қалдырмайды»-деген.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары