Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Адал кәсіп ету – мұсылманның міндеті
09 желтоқсан, 2020 жыл 478 Басып шығару нұсқасы

Барша әлемдердің Раббысы болған, бізді жоқтан бар еткен, мұсылман үмметінен қылып жаратқан Аллаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болсын! Өзі «Умми» бола тұра барша үмметті біліммен сусындандырған Асыл Пайғамбарымызға сансыз салауаттар болғай!

Алла Тағаланың әр-Раззақ сипаты барша адамзаттың пешенесіне жазылған ризық-несібеге кепіл екендігі адамның жанын тыныштандыратыны ақиқат. «Сендерге көктен және жерден ризық беретін Алладан өзге жаратушы бар ма?» - деп бұйырылған қасиетті Құран Кәрімде. Пайғамбарымыз да өзінің хадис-шәрифтерінде: «Адам баласы өзінің ризығын алмай бұл фәниден өтпейді» - деген екен. Себебі, Жаратушы Жаббар Иеміз азды-көпті несібені толықтай кемітпей беруші. Сол несібені табуға күш-қайрат пен қабілетті беретін де Ұлы Жаратушы. Адам баласы кемел сана мен тіршілікке икемді қабілет иесі болғандықтан, дәйім еңбек етуі қажет. Тіршілік етуге қабілет-қарымы бола тұра шарасыздық танытып, жарлы-жақыбайдың күйіне түсу – ар көтермейтін сын.

Алла Тағала Құран Кәрімде кәсіп етіп, маңдай термен табыс табуды ғана емес, сонымен қатар азықтың халалын табуды да меңзеген: «Әй, мүміндер! Ризықтандырғанымыздың жақсысынан жеңдер. Әрі Аллаға шүкірлік етіңдер, егер Оған ғана құлшылық ететін болсаңдар». Қасиетті кітапта келгендей, «ризықтың жақсысы» үшін кәсіп қылсақ, жемісті жұмыс жасасақ – тағдырдың келісті болғаны.

Кәсіптің адал болуында немесе ризықты адалынан табуда басқа емес, ең алдымен әзиз Пайғамбарлар үлгі болатыны хақ. Алладан келген елші болса да, қай пайғамбар болмасын өз ризық-несібесін табу жолында еңбек еткеніне тарих куә. Пайғамбарлардың ең соңғысы болған Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ешкім ешқашан өз табысынан асқан қайырлы ризық жеген емес. Алланың пайғамбары Дәуіт те өз қол еңбегінің жемісін жеген» - деген екен.

Себебі әр пайғамбар Алладан жеткен діни үкімді алдымен өздері мүлтіксіз іске асыратын.

Қорыта келгенде, хадисте айтылғандай «Өзің және отбасың үшін адал еңбек ет. Өйткені, бұл – Алла жолындағы бір жиһад».

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары