Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ана алақанының аясы – ақ шынардың саясы
11 қаңтар, 2021 жыл 390 Басып шығару нұсқасы

Ең әуелі бізді өз мейірімділігімен жаратқан, кеңшілігімен нығмет берген Аллаға сансыз мақтау мен мадақтар болсын! Исі мұсылманға Темірқазық болған, Алланың ақ дінін арқалаған ардақты Пайғамбарымызға сансыз салауаттар мен сәлемдер болғай!

Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде былай деп бұйырған: «Сендерге Раббыңыздың нені харам еткенін білдірейін. Оған (Аллаға) еш нәрсені серік қоспаңдар, ата-анаға жақсылық жасаңдар!» Демек, ата-анаға жақсылық жасау бұйрығы – ең алдымен, ардың ісі емес, Алланың жүктеген парызы. Одан бөлек Лұқман сүресінің 14-аятында: «Біз адам баласына ата-анасына барынша жақсылық жасауды бұйырдық. Анасы оны әлсіреген үстіне әлсіреп, қинала жүріп көтерді. Оның емшектен шығуы да екі жыл алады. Ендеше Маған және ата-анаңа шүкіршілік ет! Ақыр соңында Маған қайтасың», - деп ананың алдындағы міндетін баса айтқандығы тағы бар.

Қазақта «Ананың сүйген жері отқа күймейді, оқ та тимейді» - деген қанатты сөзі бар. Мұхаммед пайғамбарымыздың (Алланың оған сәлемі мен салауаты болсын): «Ең алдымен, анаңа құрмет ет, екінші тағы да анаңа құрмет қыл» деуі бекер болмаса керек. Жұмақтың кілтін де ананың табанының астына салып берген. Бабаларымыздың: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, ақ сүтін өтей алмайсың» деген ұлағатты сөзі де осының дәлелі.

Бір күні Мұса пайғамбар (алайхиссалаам) Алладан бұл дүниедегі жәннаттағы серігін көрсетуін сұрады. Сол кезде Жебірейіл (алайхиссалаам) келіп: «Сенің жәннаттағы серігің пәленше жерде тұратын пәленше деген қасапшы» деп жауап берді. Мұса (алайхиссалаам) қасапшының дүкеніне барған кезде ет сатумен айналысып жатқан жас жігіт екенін көрді. Мұса (алайхиссалаам) жігіттің істерін жақыннан бақылап көрді бірақ ешбір ерекшелікті байқамады. Түн болған кезде қасапшы аздап ет алып үйіне қайтты. Мұса пайғамбар (алайхиссалаам) да оған ілесіп барып, қонақ қылуын талап етті бірақ өзін таныстырмады. Кең пейілмен қарсы алып, үйіне кіргізіп қонақ қылды. Мұса (алайхиссалаам) бақылауын жалғастырды. Әлгі жігіт тамақ дайындап, төбеде ілулі тұрған себетті түсіріп, бір қарт әжені алып шықты. Жуындырып, киімін ауыстырып қолымен тамақ беріп болғаннан кейін бұрынғы жайына жайғастырды. Мұса (алайхиссалаам) әлгі қарияның түсініксіз тілде бір нәрсе айтқанын естіді. Анасын тамақтандырғаннан кейін қонағын күтіп, тағам әкеліп бірге тамақ іше бастады. Мұса (алайхиссалаам) бұл қария әже жайында сұрады. Жігіт: «Бұл менің анам, мен оның қызметіндемін» деп жауап берді. Содан кейін Мұса (алайхиссалаам): «Анаң өз тілінде не деп айтты» деді. Ол: «Әр кез мен оған қызмет жасаған кезімде ол: « Алла сені кешірсін және сені қиямет күні Мұсаның серігі етсін», - деді. Сол кезде Мұса (алайхиссалаам): «Ей жігіт, мен сені сүйіншілеймін Алла сенің анаңның дұғасын қабыл етті. Сені байқап едім анаңды ұлықтап, құрмет жасап, жақсылық істегеніңнен басқа амал көрмедім, сенің бұл деңгейің ата-анаңа деген құрметің және жақсылығың» деді.

Аналарымыз аман, бауырымыз бүтін болғай!

 

Сәтбаев қаласы

«Балмағанбет Балқыбайұлы» мешітінің

бас имамы Қондыбай Серікбайұлы

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары