Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ислам- Бебітшілік!
20 қаңтар, 2021 жыл 153 Басып шығару нұсқасы

Діни экстремизм – діндегі шектен шыққан көзқарастар мен әрекеттерге берілгендік. Экстремизмнің зорлықпен, агрессиямен және шектен шыққан қаталдықпен сипатталатын белгілері көп. Діни экстремизмнің басты сипаты – дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты, соның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыру, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, сеніміне немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни тәжірибені қолдану.

Ал «терроризм» – экстремизмнің асқынған көрінісі. Терроризм зорлықтың аса қатыгез, үрейлі түрлері мен әдістерін пайдаланып, саяси мақсаттарға қол жеткізуді көздейді. Терроризм – қазіргі жаһандану қатерлерінің бірі, ауқымдылығы мен жиілігі, адамзатқа қаупі мен қаталдығы тұрғысынан ол әлемдік қауымдастық алдындағы түйткілді мәселеге айналды. Жалпы халықаралық шарттардың мәтінінде терроризмнің мына элементтері келтіріледі: жекелеген тұлғаларды немесе ұйымдарды, мемлекетті немесе мемлекеттерді, өкіметті немесе халықаралық ұйымдарды қандай бір іс-әрекетті жасауға немесе одан бас тартуға мәжбүрлеу; ірі экономикалық зиян келтіру, ірі жоюларды жүргізу, кепілдікке алу, әуе және теңіз кемелерді, станционарлық платформаларды басып алу, қоғамдық және мемлекеттік түрлі объектілерге елеулі зардап келтіру, халықаралық персоналдарға (жеке лауазымды тұлғаларға) қарсы бағытталған қылмыстар, халықаралық ынтымақтастыққа кедергі келтіру, мемлекеттердің дипломатиялық қатынастарына қауіп төндіру, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке және мемлекеттердің аумақтық мызғымастығы мен қауіпсіздігіне қауіпті тудыру және тағы да басқа жағдайлар.

Осының біразы дін арқылы кіріп жатыр. Яғни халықтың ең осал жері – наным-сенім. Адамның ой-санасын улау арқылы, оның сеніміне кіруді мақсат етіп, террорлық әрекеттер жасалады. Бұдан қарапайым халық жапа шегуде. Ал, сондай әрекеттерді жасап, елдің байлығын алуды көздегендер, ұйымның негізін қалағандар әлдеқайда алыста отырған болуы ғажап емес. Яғни олар, көрінбейтін пульт арқылы өз саясатын жүргізіп отыр.

Терроризм және оның бір түрі - діни терроризм, сондай-ақ сепаратизм және діни экстремизм құқықтық категориялық тұрғыдан алып қарағанда халықаралық «мәртебелерге» ие. Терроризм – террористік идеологияға негізделген. Ал сепаратизм болса, сепаратистік идеологияға сүйенеді. Діни терроризм діни террористік идеологияға сүйенеді. Ал діни экстремизм болса өзіндік діни экстремистік идеологияға негізделеді. Діни экстремизмде діни экстремистік идеология ең басты идеологиялық база болса, тиісінше діни терроризмде діни террористік идеология ең шеткі құбылыс ретінде негізгі идеологиялық база болып табылады. Терроризмнің басқа да барлық түрлерінде және сепаратизмде діни экстремистік немесе діни террористік идеология негізгі база болып қарастырылмайды, тек қосымша идеологиялық құрал ретінде пайдаланылады. Әсіресе оны пайдалана отырып адамдарды, этникалық туыс адамдарды өздерінің арнайы террористік ұйымдарының қатарына қосып алу мақсатында арбау, алдау және діни-психологиялық әсер ету арқылы кіргізеді, көндіреді, тіпті зорлайды және қорқытады. Жоғарыда аталған барлық арнайы террористік ұйымдарда дін қағидаларын негізсіз бұрмалап немесе өздерінің ыңғайына қарай бейімдеп, қисынсыз пайдалану әлі де орын алып отыр.

Бұл арнайы террористік ұйымдардың ұйымдық құрылымдары әртүрлі ерекшеліктермен айқышталады. Мысалы, «Хизбут-тахрир» діни террористік ұйымының құрылымы пирамидалық қағидаға сай функционалдық ұяшықтарды қолданумен құрылады. Бұл ұйымдық құрылым жеті сатыдан тұрады. Саяси террористік ұйымдарда да осындай негізге ұқсас өзіндік құрылымдық жүйелер құрылады. Олар сияқты сепаратистік және этникалық негіздегі террористік ұйымдарда өзгеше ұйымдық құрылым көзделген. Діни террористік немесе діни экстремистік ұйымдардың басқа арнайы террористік ұйымдардан ең басты ерекшеліктері мынада: олар қандай бір халықпен және географиялық аумақпен шектелмейді және олардың жаһандық мақсаттары бар

Сондықтан, әрнәрсеге ұрынбай, тыныш жүрейік!

Алла Тағала біреуге залал келтіретін амалдарға себепші болып қалудан сақтасын. Еліміз тыныш, бейбіт болсын!

 

 

Түкетаев Ардақ Әділханұлы

Ақтоғай аудандық орталық мешіттің бас имамы

 

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары