Бірде шәкірттері қарт ұстаздарына келіп:
«Неге адам жаман әдеттерді жылдам меңгереді де, жақсы әдеттерді қиын меңгереді?»-деп сұрайды.
Сонда қарт ұстаз:
- Егер сау дәнді күн көзінде қалдырып, бүлінген дәнді топыраққа көмсе не болады? – деп сұрақтарын сұрақпен қайырады.
- Топырақсыз, күн көзінде қалдырылған дән өледі. Ал топыраққа көмілген, бүлінген дән өсіп, өнімсіз жеміс береді, масағы әлсіз болады – деп жауап қатады шәкірттері
- Сонда қарт ұстаздары:
- Адамдарда осылай жасайды. Жақсы істерді жасырын жасап, жақсы әдеттерді жүректеріне сіңіргеннің орнына, оны елдің бәріне жариялайды. Сөйтіп өз-өздерін құртады. Ал өздерінің кемшіліктері мен күнәларын басқалар көріп-білмес үшін жан дүниелерінде терең жасырады. Сол кемшілік пен күнәлардың дәні адам жүрегінде өсіп, үлкейіп, адамның рухын, жан дүниесін зақымдайды – деген екен.
-
Пікірлер