Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Күпірлік пен шүкірлік
03 ақпан, 2021 жыл 2162 Басып шығару нұсқасы
Шүкіршілік – кемелдікке апарар, ол келешегіңнің кепілі, күпіршілік – қасіретті кесапат.

Ең әуелі бізді өз мейірімділігімен жаратқан, кеңшілігімен нығмет берген Аллаға сансыз мақтау мен мадақтар болсын! Исі мұсылманға Темірқазық болған, Алланың ақ дінін арқалаған ардақты Пайғамбарымызға сансыз салауаттар мен сәлемдер болғай!

Иманға қол жеткізу үшін, исламның «күпірдің белгілері» деп білдірген нәрселерінен сақтану керек. Ислам үкімдерінен, яғни әмір мен тыйымдарының бірін менсінбеу, Құран кәрімнің, періштенің, пайғамбарлардың бірін мазақ ету күпір белгісі болып табылады. Теріске шығарғандық, яғни естігеннен кейін сенбегендік, растамағандық болады. Күмәндану да, теріске шығару, қабылдамау болып есептеледі. Жамандықтардың ең жаманы – Аллаһу тағалаға сенбеу, Мұхаммед алейһиссаламға сенбеу – күпіршілік және Аллаһу тағалаға дұшпандық болады.

Шүкіршілік – кемелдікке апарар, ол келешегіңнің кепілі, күпіршілік – қасіретті кесапат. Күпірлік надандықтан туады, ал надандық ойдың келтелігі, сананың саяздығы. Күпірлікпен уланғандар ақты қара деп, қараны аққа балап, барды мойындамайды, жоққа сенеді, дарақы да дөрекі, жалған сөйлеп, өсек таратып, қараптан-қарап жүріп Құдайға күпір болады, олардың жолы қара да қысқа. Ал шүкіршіліктің жолы – алысқа апарар кең де даңғыл.

Күпірлік ету де өз кезеңінде кейбір себептермен болып жатады. Соған байланысты күпірдің мынадай түрлері болады:

Куфри инкари (түбегейлі қабыл етпеу). Қандай да бір кісінің Алланың бар екендігін, Хазіреті Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хақ пайғамбар екендігін және Алладан әкелген діні мен діни үкімдерді түбегейлі қабыл етпеуі ‑ «куфри инкари» болады. Ондай кісілер жайында Бақара сүресінің 6-аятында былай дейді: «Расында қарсы болғандарды үгіттесең де, үгіттемесең де бәрібір. Олар иман етпейді».

Куфри жухуд (біле тұра қабыл етпеу). Жүрегімен Алланың бар және бір екендігін қабыл етіп, тілімен, сенімін айтпай иман етуге ыңғай танытпаған адамның күпірлігін «куфри жухуд» дейміз. Мысалы, шайтанның күпірлігі мен Перғауынның күпірлігі осыған жатады.

Куфри инади (қырсықтықтан туындаған күпірлік). Алланың тәңірі екендігін жүрегімен біліп, бірақ Алланы тәңірі ретінде мойындауға келгенде шен-шекпен, лауазым, қызметінен айырылып қалудан қорқып, исламды дін, Алланы тәңірі ретінде қабылдамайтындығын айтқанға «куфри инади» дейміз. Мысалы, Әбу Тәлібтің Құрайыштардың «Әбу Тәліб өлімнен қорыққандықтан Хазіреті Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дінін қабылдады» деп айтатын сөзі үшін иман етпеуі күпірліктің осы түріне жатады.

Куфри нифақ (екі жүзділіктен туындаған күпірлік). Адам иман негіздеріне жүрегімен сенбестен, өтірік, сырт көзге жағыну мақсатында тілімен сенгендігін айтқанды «куфри нифақ» дейміз. Мунафиқтардың күпірлігі осыған жатады.

Алла тағала жүрегімізді күпірліктен сақтап, момын мұсылман қатарынан айырмасын!

Сәтбаев қаласы

«Балмағанбет Балқыбайұлы» мешітінің

ұстазы Бауыржан Амангелдіұлы

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары