Ең әуелі барша әлемдердің Жаратушысы болған, қаншама халықтың ішінен бізді мұсылман еткен Алла Тағалаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болсын! Бар өнегелі өмірімен бізге үлгі болған, кейін келер үмметін көзіне жас алып сағынған ардақты Елшіміз Мұхаммед Мұстафаға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сансыз салауаттар мен сәлемдер болғай!
«Дін ислам - Діңгегім» деген әрбір мұсылманның бойынан аңқып тұрар адамгершіліктің иісі толастамау керек-ті. Сондай игі сипаттардың бірі – өзгенің арына тимеу, намысын таптамау. Себебі бізге намыс пен арды ту қылған, Алланың дініне күйе жақпайтын қауым болуымыз – міндет. Өзгенің арына тимеу Ислам этикасындағы ең маңызды қасиеттердің бірі болып саналады. Адамның адамгершілігі осы қасиеттер арқылы байқалатыны ақиқат.
Әрбір мұсылман – өз алдына қадірлі, құрметті. Оның малы да, жаны да – бәрі өзгеге адал болмайды. Тіпті мұның ешқайсысын жасамай, тек тіл тигізу арқылы қиянат жасау да дәл осы ар-намысқа тию болып табылады. Дінімізде ар-намысқа тию 3 түрге бөліп қарастырылады:
Ардақты пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) керемет мәтінде хадис жеткен: «Ей, Аллаға иман келтірдік деп ауызбен айтып, жүрекпен сенбегендер! Менің үмметіме жала жаппаңдар, олардың ар-намысына тимеңдер! Егер сендер олардың ар-намысына тисетін болсаңдар, Алла тағала сендердің ар-абыройларыңды төгеді. Ал Алла біреудің ар-абыройын төккісі келсе, ол адам үйінде отырса да оны масқара қылады».
Алла тағала әрбірімізді өз биігімізден айырмасын!
Сәтбаев қаласы
«Балмағанбет Балқыбайұлы» мешітінің
ұстазы Бауыржан Амангелдіұлы
ihsan.kz
Пікірлер