Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ережеп айының оразасы туралы
14 ақпан, 2021 жыл 4678 Басып шығару нұсқасы
Ережеп айы – Исламдағы қасиетті төрт айдың бірі. Бұл ай – Алланың айы деп аталады.  Бұл айда исра және миғраж түні және рағайып түні бар. Пайғамбар ғалайһиссаламнан сүннет болып қалған нәпіл ораза ұстау бар.  

Ережеп айы – Исламдағы қасиетті төрт айдың бірі. Бұл ай – Алланың айы деп аталады.  Бұл айда исра және миғраж түні және рағайып түні бар. Пайғамбар ғалайһиссаламнан сүннет болып қалған нәпіл ораза ұстау бар.   Пайғамбарымыз (ﷺ) қасиетті айларға көп көңіл бөліп, сахабаларға оларды қалай өткізу керектігі жөнінде айтатын. Сондай-ақ, ережеп айы кіргенде: «Раббым, ережеп пен шағбан айларын берекелі ете гөр! Бізді Рамазанға аман-есен жеткізе гөр!» (Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд, I/259) – деген дұғамен қасиетті айларды (ережеп, шағбан, рамазан)  бастайтын. Икрима ибн Аббастан риуаят етілген хадисте Алла Елшісі (ﷺ): «Ережеп – Алланың айы, Шағбан – менің айым, ал Рамазан – үмметімнің айы», - деген. Әнас ибн Мәліктен (р.а) риуаят етілген осы хадистің жалғасында: «Ей, Расулулла! Ережеп айының «Шаһруллаһ» деп аталуының себебі не?», - деп сұрады. Сонда Алла Елшісі (ﷺ): «Ережеп – Алла Тағаланың күнәларды кешіретін айы. Алла Тағала құзырында сүйікті ай. Бұл айда ұрыс-жанжал, қантөгіс тоқтатылған. Бұл айда Алла Тағала әнбиялардың, яғни пайғамбарлардың тәубелерін қабыл етіп, әулиелерді дұшпандарынан қорғаған. Бір кісі ережеп айын ораза ұстап өткізсе, Алла Тағаланың үш жақсылығына ие болады. Бір хадисте «Алла үшін айлардың жақсысы – ережеп айы. Ережеп – Алланың айы. Кім оны ұлықтаса, расында Алланың ісін ұлықтаған болады. Кім Алланың ісін ұлықтаған болса, ол нығметтерге толы  жаннаттарға  кіреді. Оған Алланың  разылығы түседі...»  делінеді.  Сәубан (р.а.) айтты: Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) екеуміз бірге кетіп бара жатыр едік. Жолымызда қабірлер болатын. Алла Елшісі (ﷺ) бір кезде қабірлерге қарап, көзіне жас алды. Содан соң маған қарап: «Ей, Сәубан, мына қабірдегі жатқан адамдарды қабір азабынан құтқаруды тілеп, Алла тағаладан дұға еттім. Егер де бұлар Ережеп айында бір күн ораза тұтқанда немесе құлшылық етсе, яки осы айда дүниеден өтсе, онда бұларға қабір азабы болмас еді», - деді. Сонда мен: «Иә, Расулулла, Ережеп айының бір күн оразасы қабір азабынан құтылуға каффарат болады ма?» деп сұрадым. Пайғамбарымыз (ﷺ) айтты: «Әр мұсылман ең болмаса Ережеп айында бір күн нәпіл ораза ұстаса, ғибадат етіп, құлшылық жасаса немесе осы айда бұл дүниеден озса, Алла Тағала ол кісінің амал кітабына бір жылғы ғибадаттың сауабын жазар», - деді. Мұса ибн Имран Әнас ибн Мәліктің естігенін былай деп баяндайды. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Жәннатта бір өзен бар. Ол өзеннің аты – Ережеп. Сүттен ақ, балдан тәтті. Кімде-кім ережеп айында бір күн ораза тұтса, Алла Тағала ол кісіге сол өзеннен сусындауды нәсіп етеді», – деп ережеп айында ораза ұстауға үмметін ынталандырған. Сол мезетте қарт кісі орнынан тұрып: «Иә, Алла Елшісі(ﷺ)! Мен ережеп айының барлығында ораза ұстауға әлсізбін», – деп сұрағанда оған Пайғамбарымыз (с.а.с): «Ережеп айының басында, ортасында, аяғында ораза ұстасаң, ережеп айының барлық күндерінде ораза ұстағандай сауапқа ие боласың. Өйткені, бір жақсылық он есеге еселенеді», - деген. Бұл айда Пайғамбарымыз (ﷺ) да, сахабалар да Шағбан айы сияқты басқа айлардан көбірек (Рамазаннан басқа) оразамен өткізетіні жайлы сенімді хадистер жеткен. Қорыта айтқанда барлық мәзһабтар, әһлу сүннет жамағатының ғалымдары бұл айда ораза ұстауға болатынына бір ауыздан келіскен. Алайда, осы айды ғана оразамен өткізіп, басқа айда ұстамауға болмайды. Бұл айдағы ораза нәпіл құлшылық болғандықтан адам қалағанынша (қанша күн болса да) ораза ұстауына немесе ұстамауына еркі бар. Дегенмен, Құдайдан үміті бар жандардың бұл айдың сауапты оразасынан қапы қалмағаны абзал.   Ummet.kz Бөлісу: АЛДЫНҒЫ Қуаныш Файзоллаұлы: Намаз оқыған адамға мүйіз шыға ма?! КЕЛЕСІ Ережеп айы кіргенде... ЖАҢА ЖИІ ОҚЫЛҒАНЫ МАҚАЛАЛАР Ақпан 09 2021 ӨЗГЕ ДІН ӨКІЛІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МАҚАЛАЛАР Ақпан 04 2021 ТАУСЫЛМАЙТЫН БАЙЛЫҚ МАҚАЛАЛАР Қаңтар 12 2021 АЛЛАНЫҢ БЕРГЕНІН ЕСКЕ АЛ МАҚАЛАЛАР Қаңтар 05 2021 ІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚ МАҚАЛАЛАР Қаңтар 04 2021 ЖАҚСЫ СӨЗ – ЖАРЫМ ЫРЫС МАҚАЛАЛАР Желтоқсан 30 2020 Тағылымды тарихи сәт ЖАҢА КӨП ОҚЫЛҒАНЫ МАҚАЛАЛАР Ақпан 09 2021 ӨЗГЕ ДІН ӨКІЛІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МАҚАЛАЛАР Ақпан 04 2021 ТАУСЫЛМАЙТЫН БАЙЛЫҚ ҒИБРАТНАМА Ақпан 01 2021 Неге ақылды адамдар көбіне кедей болады? ДӘСТҮР ДАНАЛЫҒЫ Ақпан 01 2021 Әр өңірдегі аналарымыздың орамал тағу үлгісі ЕЛ ІШІ Ақпан 01 2021 Жат ағымнан сақтану жолдары талқыланды ЕЛ ІШІ Ақпан 01 2021 Садақ ату өнері – пайғамбар сүннеті БІР АЯТ ТӘПСІРІ Қаңтар 31 2021 Құран кәрім белгілеп берген үлгі адам ЖАҢАЛЫҚТАР Қаңтар 31 2021 Қыз-келіншектер арасында волейболдан жарыс өтті ЖАҢАЛЫҚТАР Қаңтар 29 2021 «Ырыскелді қажы» мешітінде қайырымдылық жасалды ЖАҢАЛЫҚТАР Қаңтар 29 2021 Ақпанда онлайн дәрістер басталады ҒИБРАТНАМА Қаңтар 28 2021 Бауыржан Момышұлының келініне айтқан 6 алтын өсиеті ЖАҢАЛЫҚТАР Қаңтар 29 2021 «Ерекше», күтімді қажет ететін балаларға көмек көрсетілді (ВИДЕО) ҒИБРАТНАМА Қаңтар 29 2021 Жұма күні оқылуы тиіс ең қайырлы дұға ЖАҢАЛЫҚТАР Қаңтар 28 2021 Әйелдер арасында Құран жарысы өтті (Видео) АҚИДА Қаңтар 28 2021 Басқа мәзһабтағыларға қандай көзқараста болуымыз керек? ИСЛАМ ЖҰЛДЫЗДАРЫ Қаңтар 28 2021 Топ-5 Саясатта жүрген орамалды ханымдар АҚИДА Қаңтар 28 2021 Әһлі сүннет және жамағат сенімі ЕЛ ІШІ Қаңтар 28 2021 Сектор меңгерушісі қари қыздармен сұхбаттасты ЕЛ ІШІ Қаңтар 28 2021 AMIN.KZ медиа орталығы жұмысын бастады ЕЛ ІШІ Қаңтар 27 2021 Атырауда «Халық арна» телеарнасының филиалы ашылды
 

ummet.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары