Тілдік нұсқа
Радио

мақала

МҰСЫЛМАН ЕМЕС АДАМҒА ДҰҒА ЖАСАУҒА БОЛА МА?
17 ақпан, 2021 жыл 285 Басып шығару нұсқасы

Мұсылман емес, яғни кәпір адам қайтыс болса, күнәсі кешірілуін және оны Алла Тағала жарылқауын тілеп дұға жасауға болмайды. Кеңірек айтар болсақ, имам ән-Науаи: «Кәпірдің артынан жаназа оқып, күнәсін кешіруін сұрап дұға жасауға Құран және барлық ғұламалар келісімі бойынша тыйым салынады.  Алайда, тура жол сұрап, иманға келсін деп дұға жасауға болады. 
Сонымен бірге, мухариб[1] мәртебесіндегі жат діндегі адамға бала-шаға, мал-дүние, амандық пен денсаулық сияқты дүниелік пайдаларды тілеп дұға жасалмайды. Ал, арада (бейбіт қарым-қатынас) болған мұсылман еместерге дұға жасаудың әбестігі жоқ[2]», – дейді. 

Қорыта айтқанда, басқа діндегі көрші-қолаң, жұмыстағы әріптестер науқастанып қалса, көңілін сұрап шипа тілеуге болады. 

[1] Мухариб – соғысушы тарап болып саналатын адам 
[2] Мажмуъ, ән-Науауи

http://mazhab.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары