Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ауызбіршілікті
23 ақпан, 2021 жыл 31 Басып шығару нұсқасы

       Ислам амандық пен бейбітшілік діні. Барлық адамзатты ұлтына, шыққан тегіне, нәсіліне, ру-тайпасына қарамай, барлығына бірдей құқық беріп, жер бетінде тыныштықта, ауызбіршілікте  өмір сүруге шақыру  - асыл дініміздің басты құндылықтарының бірі. «Бірлігі бар ел озады, Бірлігі жоқ ел тозады» деп ата-бабаларымыз айтқандай қай елдің болмасын әуелден көздегені – ел тыныштығы мен ауызбіршілігі. Адамдар арасындағы дүрдараздық бүкіл елдің құтын қашырып, берекесін кетірері сөзсіз. Сондықтан да ауызбіршілікте өмір сүру – қоғамның көздеген басты мақсаттарының бірі.

           Татулық, ауызбіршілік сынды қажетті құндылықтарға асыл дінімізде де бейжай қарамаған. Ұлы Жаратушымыз өзінің қасиетті кітабында: «Барлығың Алланың жібінен (кітабы мен дінін) мықтап ұстаңдар. Бөлінбеңдер» деп барша мүмін мұсылмандарға бөлінбей, татулықта өмір сүруді бұйырады. Әз пайғамбарымыз өзінің бір хадисінде : «Ауызбіршілікте – Алланың мейірімі, бөлінуде – қаһары бар» (Имам Ахмад)  – деп ауызбіршілікті сақтаудың маңызын жеткізеді. Онда Алла елшісінің  (с.ғ.с.) сахаба Абдулла ибн Омардан (р.а.) жеткен тағы бір хадисінде былай дейді: «Жамағатпен оқылған намаздың сауабы жалғыз оқылған намаздың сауабынан жиырма жеті есе көп». Бұл сүйінші хадисті білетін әр мұсылман жамағатпен әрқашан бірге болуды қалайтыны анық. "Алтау ала болса – ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса – төбедегі келеді" деген қазақтың мақалы да бірлікте жасалған істің әрқашан оңды боларын білдірсе керек.

         Өмір болған соң ақ та қара да, қуаныш та қайғы да бірге жүретіні сияқты жақсы адамдармен қатар, нәпсінің құрығына түсіп, лағынеті шайтанның азғыруында жүрген адамдар да кездесетіні шындық. Ондай адамдар халқымыздың іргесінің беріктігін, күн санап дамып жатқанымызды көре алмай, ел арасына іріткі салуға тырысуды. Өкініштісі сол, мұндай адамдар асыл дінімізді берік ұстанатын адамдар арасына іріткі салуға әрекет етуде. Сондай адамдардың азғыруына еріп, үй ішінен үй тігіп, бөлініп, ел берекесін кетіруге тырысып жатқандары көңілге кірбің ұялатады. Осындай келеңсіздіктің алдын алу үшін Құран аяттары мен хадис-шарифтерге құлақ асып, бір бірімізді бауырымыздай жақсы көріп, ауызбіршілігімізді берік етуіміз қажет. Құран Кәрімде : «Шын мәнінде мүміндер бауыр» - делінген. Біз діндес бауырымызды анадан бір туған бауырымыздай жақсы көріп, алауыздыққа жол бермеуіміз қажет. Қазақтың біртуар азаматы Әлихан Бөкейхановтың: «Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса - халықтық мақсат сонда орындалады» - деп айтқанындай баршамыз бір ту астында, бір мақсатқа бірігіп, ауызбіршілігімізді сақтасақ мақсат-мүдделеріміз сақталады. Сонда ғана дұшпандар асыл дінімізге көлеңкесін түсіре алмайды. Алла Тағала баршамызды қауіп-қатерден сақтап, ауызбіршілігімізді нығайтып, еліміздің іргесін берік еткей!

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: «Әли Имран» сүресі, 103-аят

«Хужурат» сүресі, 10-аят

 

 

Қаражал қалалық мешітінің бас имамы Советов Талғат.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары