Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Дін жолында дүние –мүлікті сарп ету
02 наурыз, 2021 жыл 239 Басып шығару нұсқасы

Алла бізге осы өмірді нәсіп етті. Ал дүние-мүлік біздердің өмірлік қажеттілігіміз үшін Алла тарапынан берілген үлкен нығымет.Сол нығыметті  сезіне біліп, Жаратқанның  өзі  берген сыйын Алла жолына жұмсай  алмасақ бойымыздағы  сараңдықтың бір белгісі. Бұл өмір  сынақ  болғандықтан адамдар  әр түрлі жағдаймен  сыналады. Соның  ішінде  біреулер  мал –дүниемен сыналады. Шариғатымызда нисап мөлшеріне  толған  маладан зекет беру міндет етілген. 40 қойдан  бір қой беру білінбейде қалатын  дүние, ал бұл бір адамдар үшін үлкен дағдарыс болып көрінеді.Себебі ол зекет берумен мал –дүиесі  тазарып берекеттенетінін,  Алланың разылығын алатынын білмегіндіктен, білседе мән бермегендіктен. Мен өз маңдай теріммен  жеткен малымды неге біреуге беруім керек деп шіренетіндер қанша.Алайда ондай  адамдар, егер Алла қаламаса біз кірпігімізді де  қиымылдата алмайтынымызды қаперінен шығарып қойып жатады. Мал-мүлік сіздің сауапқа бөленуіңізге  ең үлкен  мүмкіндік. Алла тағала Қасиетті Құран кәрімде : «Ол қайсыбірлерің  анағұрлым ізгі һәм сауапты сі істер екен деп, бәріңді сынап көру үшін өліммен  өмірді жаратты. Ол Азиз,Ғафур»(Мүлк сүресі 2-аят) .Шариғатымыз байлыққа тыйым салмайды, тек нисапқа толған әр малдың зекетін уақытылы  берсе  болғаны. Пайғамбарымыз (с.ғ.с)-ның қасында бірге жүрген сахабалардың ішінде де  дәулеттілері  болаған. Бірақ  олар дүниені жүрекке  кіргізбестен қолда ұстаған.Олардың; зекетін беріп, жарлы-жақыбайға көмектесіп, Алла жолында жұмсауы, дүниені жүрекке  кіргізбеудің айқын ділелі. Бұл дүние өткінші ал ахирет мәңгі.  Сахаба  Абдулла ибн Омар (р.а) айтады: «бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) иығымнан  ұстап тұрып : «бұл дүниеде ғаріп секілді бол немесе жат жерде жүрген жолаушы секілді бол!», - деп айтты.  Майлықожа бабамыз:

«Алла берді  екі жол,                                                                                                                          бірі оңда, бірі-сол.                                                                                                               Ойланыңдар бауырлар!                                                                                                            Дүние қысқа ахырет-мол», - деп жырлаған.

Құранда Алла Тағала бұл турасында былайдеп баяндайды: «Дүние тіршілігі еш нәрсе емес (оның құны жоқ). Ойын-сауық қана.Әрине ахирет  тақуалар үшін абзалырақ сонда да  түсінбейсіңдерме» (Әнғам сүресі, 56-аят). Сондықтан мұсылман адам Алла берген мал-дүниені шама келгенше сауапты  амалдарға жұмсап, ахыретіне азық жинауға тырысу қажет.

 

Әл – Машани мешітінің  найб имамы: Смағұлов Жасұлан

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары