Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ЖАМАН ӘДЕТТЕРДЕН АРЫЛУ
09 наурыз, 2021 жыл 1532 Басып шығару нұсқасы

Әдет – бұл белгілі бір жағдайларға, қажеттіліктерге байланысты қалыптасқан іс-қимыл, әрекет. Одан мінез туады. Осы жерде Шәкәрім Құдайбердіұлының «Сөзіңді түзе – әдетіңе айналады, әдетің – мінезіңе айналады, мінезің – сенің тағдырың» деген. Біздің әрекеттеріміз өзімізге білінбей, бірте-бірте әдетке айналып жатады. Мойындайықшы – көпшілігіміздің өмірімізде немесе мінез-құлқымызда ұялатын әрі одан құтылғымыз келетін нақты бір әдеттеріміздің бар екені өтірік емес. Мысалы, көзімізді қайта-қайта жұму, тырнақ тістеу, тісімізді қайрау, аяқ дірілдету сынды жағымсыз әрекеттер өзімізге құдды бір жүйке жүйемізді ретке келтіріп жатқандай сезіледі . Біреу күн ұзақ көгілдір экранның алдында немесе әлеуметтік желіде телміріп отырса, біреу денсаулығын жақсарту үшін артық салмақтан құтыла алмай жүреді, ал енді біреу өкпешіл болса, бәз біреулер ашуланшақ болып келеді. Көптеген адамдарға, тіпті мұсылмандарға да шылым шегу немесе спирттік ішімдік ішуден бас тарту оңайға түспей жүреді. Жаман әдеттерден, тіпті ол танау шұқу, өсек айту болса да – бұл бір күн тұрмақ, бір айда біте қалатын шаруа емес.  Адамның ескі әдеттерін жаңа әрі пайдалы нәрсеге айырбастау үшін орта есеппен алғанда үш ай уақыт кетеді екен, сондықтан алғашқы күндер адамға жеңіл тимесі хақ. Төзімді болып, табандылық таныта біліңіздер.

  • Әлдебір кемшілігінен құтылғысы келген адам, алдымен, өзінде сол кемшіліктің немесе жаман әдеттің бар екенін мойындауы тиіс.  Егер өз мәселеңізді мойындамасаңыз, сіз онымен күресуді де бастай алмайсыз.
  • Өз кемшіліктеріңізден құтыла аласыз ба әлде жоқ па – бұл тек сіздің қолыңызда екенін жете түсіне біліңіз.  Егер шынайы қаласаңыз, сіздің бұған әліңіз келеді.
  • Өз қателіктерін түсініп, оларды түзетуге тырысатындарды Алла Тағала жақсы көретінін есіңізден шығармаңыз. Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан:

«Жанымның Иесімен ант етемін, егер сендер күнә жасамасаңдар, Алла сендерді құртып жіберіп, сендердің орындарыңа қателіктер жасап, тәубесіне келетіндерді жаратар еді» (Мүслим).

  •  Ниет етіп, әрекет етудің нақты бір жоспарын құрыңыз.  Нақты әрекеттерді әзірлеңіз – өзіңізді жақсарту үшін не жасау керектігін – және де осы мәселені шешу үшін уақыт белгілеңіз.
  • Естеріңізде болсын «Аз болса да, тұрақты жасалып тұратын амалдарды Алла жақсы көреді» (Хадисті Бұхари мен  Мүслим келтірген).
  • Жаман әдеттермен күрес анағұрлым сәтті болады, егер сіз бұл мәселені өз өміріңізден орнын ойсыратып алып тастауға тырыспай, қайта оны әлдебір пайдалы әрі дұрыс нәрсемен алмастыратын болсаңыз. 
  • Мысалы, көгілдір экран алдында өткізетін уақытты пайдалы кітап оқумен немесе спортпен айналысумен алмастырыңыз. Ал әлдекімнің әлеуметтік желіде жазып қалдырғандарын оқығанша, ислам ғалымдарының ғибраты мол уағыздары мен дәрістерін тыңдаңыз. Қосымша құлшылық жасауларды әдетіңізге айналдырыңыз – Құран оқыңыз, зікір, дұға жасаңыз және діндес бауыр-сіңілдеріңізбен араласыңыздар. .
  • Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) бұл қағиданы келесі кеңеспен толықтырған:

«Қайда болмасаңыз да Алладан қорқыңыз да күнә салдарын жуып кетіретін жаман әрекетті жақсы әрекетпен алмастырыңыз және де адамдармен жақсы қарым-қатынаста болыңыз» (Тирмизи).

 Алладан көмек пен жәрдем тілеңіз.  Алла Тағаладан үнемі көмек сұрау – өзгеру үдерісінің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Дұғаны шынайы түрде жасаңыз, егер біз Алла жолына қарай қадам жасайтын болсақ, Оның бізге расымен көмек көрсетуге дайын екенін ұмытпаңыздар. «...Кім Алладан қорықса, оған бір шығар жол пайда қылады. Оған, Алла, ойламаған жерден ризық береді. Ал кім Аллаға тәуекел қылса, сонда Ол, оған жетіп асады...» (65:2-3).

Алла Тағала бізге жар болсын. Әмин.

 

Жаңаарқа аудандық

«Халық» мешітінің

Бас имамы    А. Қанай

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары