Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Өзіңді сақтау, өз қолыңда!
09 наурыз, 2021 жыл 185 Басып шығару нұсқасы

Наша – кенепшөп тұқымдасына жататын біржылдық жабайы, шөптесін өсімдік. Соның белгілі бір түрінің жапырағын кептіру арқылы дайындап, шылы қып тартады, сонда басы айналып, елігіп кейді тіпті адамды талдырады. Бұл есірткінің анаша деп аталуы осы наша деген шөптен шыққан болуы мүмкін дейді мамандар. Наша есірткі болғандықтан, ол ауыр күнәлі іске жатады. Ұкімі – харам. Құран Кәрімде айтылған шараптың харам болуының негізгі себебі: адамды мас қылып, ақылынан адастыру ерекшелігінің болуында, яғни есірткінің д үкімі – ішімдіктің үкімімен пара-пар деуге негіз бар. Әбу Дәуідтің хадис кітабында орын алған риуаятта, Пайғамбарымыздың жұбайы ұмму Сәләмә (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі барлық мас етуші және буын-буын алып қоюшы заттардан тыйды». Басқа бір сахих хадисте ардақты пайғамбарымыздың мына сөзі келтірілген: «Барлық мас етуші зат – хамр (шараптан жасалған жүзімнің үкімі)  және барлық мас етуші зат – харам.

Есірткіге тәуелді адамны қоғамда нашақор деп сипаттайды. Нашақорлыққа тәуелділік көптеген факторлардын туындайды. Наркология және психотерапия орталығының тәжірибелі наркологы Тоқтар Қойшыбековтың пайыдауынша Адам сау болуы үшін психологиялық, физикалық, әлеуметтік жағдайы дұрыс болуы шарт. Ал нашақорда психологиялық проблемалар болады. Яғни оның жаны жаралы. Ол есірткіні проблемасын ұмыту үшін тұтынады. Бұл денсаулықққа зиянын тигізеді. Айналасындағы жақындары мен отбасына да үлкен зиянын тигізетінін білеміз.

2018 жылғы статистикалық деректерге сүйенсек, Қазақстанда 20 мыңнан астам нашақор болыпты. БҰҰ дерегі бойынша 2019 жылы әлем бойынша 33-ші орынға шыққан. Бұл еліміз үшін өте қауіпті деген сөз.

Нашақорлықтан сақтанудың бірден бір жолы ғаламтордан келетін ақпаратқа сенбеу. Яғни әртүрлі жасырын жарнама арқылы есірткі сатумен айналысатын көптеген сайттар бар. Сол сайттарға алданып қалмас үшін дерек көзін тексеру қажет. Екінші жағдай әр отбасында береке, татулық болса әке-шешенің де баланың да психологиясы бұзылмайды. Жылуды сырттан іздеп кетпейді.

Медицина мамандары мен ғалымдардың көзқарасына қарағанда кальянның адамға келтірер зияны орасан зор. Исламда адамға зиян тигізуге жол жоқ. Бұған байланысты Аллаһ елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Зиян шегуге де, зиян келтіруге де болмайды»,-деген мағынасы терең сөз қалдырған. Сондай-ақ мұны шеккен адамның денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, өзіне еріксіз тәуелді етіп қояды. Осылайша адам оны басында қызығушылықпен, басқаларға еліктеумен шегудің нәтижесінде, бірте-бірте сатылап тәуелді болып қалғанын өзі де білмей қалады. Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Әке-шешесіне қарсы келуші, күнәлі іске тәуелді кісі және істеген жақсылығын бетіне басып міндетсінуші жәннатқа кірмейді»,-деп қатаң ескерткен хадисі лас затқа тәуелділіктің шариғатқа томпақтығын көрсетеді.

Өкінішке орай, есірткі мен алкогольге тәуелді адамдар жасарып барады екен. Олардың жасы – 18-35 аралығында. Ал бұрын алкогольге тәуелді азаматтардың жасы 40-60 аралығында болған. Бұл тәуелділік-.лкен дерт. Одан емделгісі келіп, наркологиялық орталыққа келген есірткіге тәуелді азаматтардың 30%-і ғана емделіп шығады екен. Яғни қалғаны өз денсаулығына өте ауыр түрде зиян тигізгендер болып тұрғаны.

Жаратушы Жаппар иеміз адам баласын барша жаратылыстан артық, үстем, әдемі әрі ешкімге де берілмеген ақылды етіп жаратқан. Алайда адам баласы берілген ой санасы арқылы бір нәрсенің дұрыс емес екенін түсінсе де соған үйірсек келетіні, әсіресе Аллаһтың тыйым салған, лас заттарға бейім болатыны өкінішті-ақ. Аллаһ тағала қасиетті Құранда:  «Олар жер бетінде жамандық, бұзақылық жасауға ұмтылады»,-деп айтқан «Мәида» сүресі, 33-аят. Осыған қарамастан өзімізге аманат етіп берілген дене мүшемізді, ақыл-санамызды улап жатамыз. Ал бұл дінімізде рұқсат етілмеген нәрсе. Олай болатын болса, артық әрі әсем етіп берген  Жаратқанның сыйын шайтанның лас істерімен бүлдірмейік. Одан біз қиямет күні сұралатынымызды ұмытпағанымыз жөн. Мұндай зияны шаш етектен келетін харам заттан аулақ болайық.

 

Нуров Махмут қажы Нурұлы        

«Бала қажы» мешітінің бас имамы, Қарағанды қаласы

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары