Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Әйел адамның әурет жерлері
11 наурыз, 2021 жыл 14992 Басып шығару нұсқасы

Әурет сөздікте «кемшілік, әлсіздік, дұшпан кіріп кетуі мүмкін болған әлсіз аумақ, жабылуы қажет жер және әйел» тәрізді мағыналарға келеді.

Шариғаттағы терминдік мағынасы « қарауға, көруге болмайтын, тыйым салынған, жабылуы парыз болып саналатын дене мүшелеріне» «әурет жері» деніледі.

Алла Тағала әрбір жаратылысқа өзіндік ерекшелік тарту еткен. Әйел адамның қоғамдағы, жанұядағы орны, жалпы болмысы, тәні ер адамдарға қарағанда мүлдем ерекше болып келеді. Әйел кісі осы ерекшеліктерін қорғай білген кезде ғана, қоғамдағы биік мәртебесін қорғай алады.

Осы тұрғыдан алғанда орамал тағу, ұзын кйім кию – әйел адамның нәзік болмысы мен бөтен адамдардың арам пиғылынан, сұқ көзінен қорғайтын бірден бір қорған.

«Әйелдердің басын жауып, ұзын киім киюі  - Құранның тікелей бұйрығы.

{وَ قُلْ لِّلمُؤْمِنَاتِ يَغْضُضْنَ مِنْ أَبْصَارِهِنَّ وَ يَحْفَظْنَ فُرُوجَهُنَّ وَ لاَ يُبْدِينَ زِينَتَهُنَّ إِلاَّ مَا ظَهَرَ مِنْهَا وَلْيَضْرِبْنَ بِخُمُرِهِنَّ عَلَى جُيُوبِهِنَّ}

«Мүмин әйелдерге айт! (Бөгде еркектерге) қадалып қарамасын, тәндерін жауып жүрсін, мәжбүр көрінген жерлерінен (бет, қол білезіктен төмен қарай) тыс зейнеттерін (мүшелерін) көрсетпесін, бүркеніштерімен омырауларын жапсын»1.

  • Әйел адамдардың бөгде ерлердің алдындағы әуреті:

 Әйелдер үшін бет, қол, аяқтан басқа мүшелері тегіс әурет болып табылады.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір хадисінде:

يَا أَسْمَاءُ إِنَّ الْمَرْأَةَ إِذَا بَلَغَتْ الْمَحِيضَ لَمْ تَصْلُحْ أَنْ يُرَى مِنْهَا إِلاَّ هَذَا وَ هَذَا – وَ أَشَارَ إِلَى وَجْهِهِ وَ كَفَّيْهِ

«Уа Әсма! Балиғат жасына жеткен қыздың (сырт көзге) мына екеуінен басқа жерінің көрінгені дұрыс емес»,- деп жүзі мен екі қолын көрсетті2.

 Міне осы хадисте әйелдердің әурет саналатын жерлері нақты айтылған. Әйел кісілердің аяқтары (табан мен тобық арасы) әурет жер болып саналама дегенге ғұламалар түрлі пікір білдірген. Бұлардың ішіндегі ең дұрысы табан мен тобық арасын әурет жер емес деген көзқарас3.

  • Махрам (үйленуі харам) жақын туыстары алдындағы әуреті:

Әкесі, әке-шешесінің әкелері, қайын атасы, баласы, еркек аға-бауырлары және күйеу

балалары т.б араларында үйленуге болмайтын туыстарының жанында қол, аяқ, шаш, құлақ, мойын және тізеден төменгі жерлерін ашып жүрулеріне рұқсат.

 

  • Әйелдердің әйелдер арасындағы әуреті:

Әйелдердің өз араларындағы әурет жерлері - кіндік пен тізе арасы. Тізе әурет болып саналады.

Мұсылман әйел, мүшрик және атейст әйелдің жанында бүркенішін аша алмайды.

 

  • Зәру жағдай:

Зәру жағдайда немесе емделгенде ер кісіге де әйелге де дәргерлердің қарауына болады. Бұл жерде аса мән беретін мәселе, әйел кісі әйел дәргерге ер адам еркек дәргерге қаралуы керек. Әйел гинеколог тұрғанда еркек дәргерге қаралуы харам болады.

Ер адамның әурет жерлері

Ханафи мәзһабында ер кісінің әурет жері кіндік пен тізе арасы. Тізе әурет болып есептеледі ал кіндік әурет емес1,

  • Моншада жалаңаш жүру күна ма?

Теңіз жағажайында және моншаларда «бәріміз еркекпіз немесе бәріміз әйелміз ғой» деп ерлер ерлердің арасында, әйелдер әйелдердің арасында іш киіммен жүре беруі харам болып есептеледі.

Монша болсын мейлі басқа жерде болсын ерлер де әйелдер де өз араларында кіндік пен тізе арасын жауып жүрулері парыз.

Ерлі – зайыптылардың бірге моншаға түсулері күнә емес, тіпті әурет жерлері ашық болсадағы.

Кез – келген адам жалғыз жуынған кезде әурет жерлері ашық болуы харам болмаса да, жабық болуы Ислам әдебіне жатады.

                  

__________

1. Нұр сүресі, 31-аят

2. Әбу Дәуіт, Либәс, 31

3. Бурһәнуддин әл-Марғинани, әл-Һдәиәһ. Факистан, 1том, 184-бет

4. Ибн Абидин, Раддул-Мухтар, Бәйрут.  2том, 86-бет                                         

 

Қарағанды қалалық "Қазбек би" мешітінің ұстазы Олжабек Мурсали

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары