Ниет– адам әрекетінің нақтылы мақсатын, мазмұнын бейнелейтін қозғаушы күш. Ниетсіз, себепсіз мақсат қойылмайды. Кісіні нысанаға бағыттайтын да, істің мән-мәнісін белгілейтін де ниет. Оның мазмұны адамның қылығы мен пиғылында. Ал ниеттің мекені – жүрек. Қашан адамның жүрегі жақсы ниеттерге толса, ол жақсы ізгі амалдарды атқарады. Пайғамбарымыз: (Оған Алланың сәлемі-салауаты болсын): «Адамның денесінде мүштімтей ет бар, егер ол таза болса, барлық дене таза болады. Егер ол бұзылса, барлық дене бұзылады. Ол мүштімтей ет, адамның жүрегі» – деп айтқан. Мұсылман адам әрбір амалды Алла үшін атқаруға ниет қылуы керек. Өйткені, амалдардың барлығы ниетке байланысты. Кейбір адамдар мықты амал жасайды, дегенмен, ниеттің дұрыс болмауынан олар ешқандай пайда ала алмайды. Енді бір адамдар дұрыс ғибадат жасайды, бірақ ниеттің жаман болғандықтан, олар ешқандай сауапқа жете алмайды.
Ниет – ол әрбір істің, ғибадаттың рухы. Ниетіне қарай бір іс үшін адам баласы не сауапқа кенеледі, не күнәға батады. Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі - ниет керек, одан соң - күш керек, одан соң - тәртіп керек. Халқымызда “Асыңа тойғызбасаң да ниетіңе тойғыз” дейтін мақал осы жәйтті білдіреді. Ақ ниетті адам өмірінде үнемі ағынан жарылып,ештеңені жасырмай, бар шынын айтады. Халық ондай ашық-жарқын мінезді адамды құрмет тұтып, оған ізет көрсетіп отырған.
Ниеті таза болса ол адамның бойында мынадай қасиеттер пайда болады:
Ниет етсең - қалағаныңа жетесің! Әрқашан алдыңғы шепте бол!
Жаңаарқа ауданы
«Халық» мешітінің
бас имамы Асхат Қанай.
ihsan.kz
Пікірлер