Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ата-ананың қадірі
12 желтоқсан, 2013 жыл 1135 Басып шығару нұсқасы
 

Ата-ананың қадіріОтбасы – қоғамның негізгі бөлшегі, қасиетті шаңырақты шайқалтпай негізін қалыптастыратын ең берік тірек ата-ана. Адамның дүниеге келуіне себепкер болып, жетілуінде ерекше рөлі бар ата-аналар – ең әуелі құрмет көрсетілуі тиіс, аяулы жандар. Баланың жарқын болашағы мен бақыты үшін, тыным таппай шарқ ұрган ата-ананың балаға деген мейірімі мен өмірде тартқан тауқыметінің қандай болатынын кесіп-пішіп айту аса қиын.


Қасиетті Қүран Кәрімде «Исра» сүресінің 23-ші аятында Алла Тағала құлдарына, яғни біздерге адамдарға былай деп әмір етеді, «Раббың тек қана өзіне қүлшылық жасауды, әке-шешеңізге жақсы қарауды бүйырды» - деген.


Әрбір жасөспірім өзінің де бір күні ақ шашты, сары тісті кемпір-шал болатынын ойлау керек. Егер, қартайған кезде құрмет көргісі келсе, әке-шешесіне солай құрақ ұшып, қызмет ету қажет. Егер ақыретте бақытты болуды қаласақ, әке-шешесін риза етуге ұмтылу керек. Әрі мына жалған дүниеде оларға қамқорлық танытсақ, өміріміз берекелі болады. Ол-құнсыз қазына. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Әке-шешесі қолында қартайып, жәннатқа кіре алмағанның жағдайы қандай өкінішті» -дейді.


Ата-бабамыздан қалған қанатты сөздерде өте көп «Ата-анаң жынды болса, байлап бақ» - дей отырып, хақ дініміз исламда да, көнеден қалған салт-дәстүрімізде де ата-анаға деген құрмет үлкен болған.


Саран мешініңнаиб имамы Р. Байзақов

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары