Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Теміртау орталық мешітіне Әлихан Бөкейханұлының есімі берілді
06 сәуір, 2021 жыл 607 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш көсемі, халқымыздың біртуар перзенті – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның еліміздің өткен тарихындағы атқарған ерлік ісі, қалдырған мұралары кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Халқының жарқын болашағына, елінің азаттығы жолында аянбай қызмет еткен Әлихан Бөкейханның тарихтағы алар орны ерекше. Қазақ  тарихындағы ұлт басына төнген нәубет, зобалаң жылдарда жеке мүддеден ұлт мүддесін артық қойып, елінің тәуелсіздігі жолына өмірін арнаған Әлихан Бөкейханның тарихи ерлігінен бүгінгі ұрпақ үлгі алуы тиіс. Осы орайда Алаш көсемінің   155 жылдығына орай Қарағанды облысына қарасты Теміртау орталық мешітіне Әлихан Бөкейханұлының есімі берілді.

 «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деп  өзіне  серт берген Алаш көсемі есімінің мешітке берілуінің тарихи себептері бар. Әлихан бабамыз қазақтың болашағы үшін аянбай еңбек етіп, Алаш партиясын құрды.

Бүгінде ел ардақтысының есімін иелену Теміртау орталық мешітіне бұйырды. Осындай қазақ елінің тұғырлы азаматтарының есімін асқақтатар игі жобалар жүзеге аса бергей! Әмин!

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

    

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары