Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жәннәт - аналардың аяғының астында
23 желтоқсан, 2013 жыл 2807 Басып шығару нұсқасы

Жәннәт - аналардың аяғының астындаКүллі ғаламға және бүкіл адамзатты ерекше хикметпен, ұлы мақсатпен жаратқан Алла Тағалаға шексіз мақтау арнаймыз.


Әлемге ең үлкен рақым, ұлы шапағатшы әрі пайғамбарлардың ең соңғысы Мұхаммед Мұстафа (саллаллаһу алайһи уа сәлләм) оның жанұясына, дос-жарандарына және оның жолымен жүрушілердің барлығына салауат пен сәлем жолдаймыз.


Әнәс бин Мәликтен Алла оған разы болсын, риуаят етілген хадисінде: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Маған салауат айтумен отырыстарыңды көркемдеңдер. Шындығында сендердің айтқан салауаттарың қиямет күні маған нұр болады» - деген.


Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: «Түһ» деме. (кейіс білдірме) сондай-ақ ол екеуіне зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле. Ол екеуіне кішірейіп мәрхамет құшағын жай да: «Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей, Сен де оларды мәрхаметіңе бөлей көр!» де. ( «Исра» сүресі 23-24аят).


Али ибн Әби Талибтан (р.а.) риуаят етілген хадисте: Мен Алланың Елшісінен былай деп айтқанын естідім: «Мен әке – шешемнің хақысын өтемеуден тазамын» - деді. Сонда мен айттым: - Ей, Алланың елшісі, егер де әке–шешенің ақысын өтейтін еш нәрсе болмаса, не істеу керек? Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Егер ол екуінің сөзін естіген болсаң, естідім де, мойын ұсындым - деп айт. Ол екеуі үшін «туһ» деме. Сондай-ақ ол екеуіне зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле» - деді.


Тағы бір хадисте: Бір кісі пайғамбарымыз (с.ғ.с.) -ға келіп айтты: - Ей Алланың елшісі, Дүние және ахиретте пайдаланатындай маған өсиет айтыңыз - деді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): - Әке-шешең бар ма?- деп сұрағанда. Әлгі кісі: - Иа, бар - деп жауап беріпті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Олай болған болса, ол екеуінің ақысын өтеп, тамақтандыратын болсаң, Алла Тағала әрбір жұтым тағамынан сен үшін жәннәттан сарайлар тұрғызып береді» - деді.


Бір кісі пайғамбарымыз (с.ғ.с.) -ға келіп айтты: - Ей, Алланың елшісі, менің анам бар, оған қанша қаражатпен көмектессем де, ол мені тіліменен сөге береді, не істуім керек? – деп сұрағанда. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Сонда да оның ақысын өтеуді тоқтатпа. Алланың атымен ант етемін, Өз етіңді кесіп берсеңде, анаңның ақысының төрттен бірін де өтей алмайсың. Сен білмеушімедің, Ақиқатында, жәннәт аналардың аяғының астында екенін?» - деген кезде. Әлгі кісі, орнынан қозғалмастан: - Алланың атымен ант ішемін, анама еш нәрсе айтпаймын - дейді де, кейін анасының жанына келіп, аяғын сүйіп тұрып айтады: - Ей, анашым Алланың елшісі осылай қылуымды маған әмір қылды - дейді.


Әби Зар әл-Ғоффари (р.а.) - дың риуаятында айтты: Мен Пайғамбарымыздың былай деп айтқанын естідім: «Қанадай-да бір адам, әке-шешесіне зиярат қылып баратын болса, ол үшін Алла Тағала әрбір қадамына жүз жақсылық жазып, жүз жамандығын кешіріп, жүз дәрежесін көтеріп қояды. Ал егер ол екеуінің алдында отырып, бірге сыпайы сөзбен әңгімелесетін болса, Алла Тағала қиямет күні оған нұр береді. Егер ол екеуінің алдынан шығатын болса, күнәсі кешірілген күйінде шығады» - деді.


Арабшадан аударған:


Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің найб имамы


Асқар Мейрамбекұлы


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары