Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ымырашылдық
13 сәуір, 2021 жыл 262 Басып шығару нұсқасы

Ең алдымен біз әркез мұқтаж болған, әр берілген нығметіне құлшылықпен жауап қылуымызды пәрмен еткен Ұлылық Иесі Аллаға шексіз мақтаулар мен мадақтар болсын! Әрбір жүрекке иман ұялағанын қалаған, мінсіз өмірімен тірі Құран бола білген асыл Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) сансыз салауаттар мен сәлемдер болғай!

Қалықтап ұшса қыранның қанаты талатын, құйындатып шапса аттың тұяғы сынатын ұлан-байтақ жеріміз бар, Аллаға шүкір! Ата-бабамыздан қалған бұл жер - құны қымбат мұрамыз. Ал жер мен елдің намысы үшін татулық пен бірлікті ту қылу керек емес пе?! Сол себепті болар халық арасында “Ынтымақ үшін ымыра маңызды” деп айтылатыны?!

Тіпті, исі мұсылманның жауһары болған Құран Кәрімде бейбітшілік, ымырашылдық мағынасындағы “сәләм” сөзі көптеген аяттарда келген. Себеп - Ислам ынтымақ пен бірлікті насихаттайтын асыл дін екендігінде. Оған қоса, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) исламның ынтымағы мен бірлігін сақтау жолында талмай еңбек қылды, сабырлық танытты. Мушриктермен болсын, кітап иелерімен болсын ымырашылдық келісімдерін жүргізгеніне тарих куә. Пайғамбар дейтін асыл бұлақтың өзінен сусындаған сахабалардың ғұмыр тарихынан да көптеген үлгі аларлық мысалдарды көреміз. Ислам әлемі етек жайып, көптеген жерлер халифа билігіне қараған тұста қай әмірші болмасын сол жерлерді мекендеген ұлттар мен ұлыстардың, басқа дін өкілдерінің ешбіріне мұсылмандар тарапынан қысым жасалмайтыны жөнінде “ымырашылдық” келісімшарттарын орнатты. Мұның өзі Ислам әлемінде ымырашылдықтың қаншалықты маңызы бар екендігінің айғағы болса керек-ті.

Халқының қамын жеген Әлихан Бөкейханов айтпақшы, “Бостандыққа апаратын жалғыз жол - ұлттық ымыра-бірлікте”.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары