Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жас оқырманнан хат
05 наурыз, 2014 жыл 209 Басып шығару нұсқасы
Жас оқырманнан хатСайттың жас оқырмандарының бірі Абай орта мектебінің 7-сынып оқушысы Қазкен Айтқали әкесіне деген сағынышы мен анасына деген мейірімін өлең жолдарына тізбектеп хат жолдаған екен. Айтқали бауырыма қанатын талмай, қаламың ұштала берсің дегім келеді.

Әке жолы
Мүмкін емес асау сезім тынуы,
Босаңсыған жүрегімнің сууы.
Көкірегімде ұмытылмай сақталған
Әке, сенің жүрегіңнің жылуы.

Сенің сөзің маған өмір кемесі,
Сені көрсем көрінер көк төбесі
Әке, сенің артта қалған жолдарың,
Асқар таудың шыңға ұласқан белесі.

Жетелеп сол ұлы жолың келеді,
Саған әке, қандай жандар тең еді.
Сенің ыстық қолдарыңның жылуы,
Көкірегімді қуанышқа бөледі.

Әке, сенен балаң алыс кетпейді
Асқар таусың, саған қолым жетпейді.
Алыс кеттің, бірақ жақын жүргендей,
Сенің даусын құлағымнан кетпейді.

Ана
Отан – Ана
Жер – Ана
Бәрі де – Ана.
Өмірдің сәні де – Ана
Әлі де – Ана.
Аяулы, жаным ана, аман болшы,
Түсінер бала жанын өзің ғана.
Анашым – сырласымсың, ақылшымсың,
Өзіңнен туған дана, ақын, жыршы.
Барлық бала тілегі бейбіт өмір.
Аман жүрші, анашым, аман жүрші.


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары