Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ата-ананы құрметтеу, туған-туыстармен жақсы карым-қатынаста болу
11 наурыз, 2014 жыл 165 Басып шығару нұсқасы

Ата-ананы құрметтеу, туған-туыстармен жақсы карым-қатынаста болуАбдуллаһ ибн Әмірден (р.а.) жеткен хадисте: "Алла елшісі (с.ғ.с.): "Алла Тағаланың разылығы ата-ананың разылығында", -деп айтты, - деген. (әт-Тирмизи). Хадис ата-анаға жақсылық жасаудың қадір-қасиеті мен оның міндеттілігін көрсетеді. Өйткені бұл Алла Тағаланың разылығына жеткізеді. Себебі бұл (ата-анаға қарсы келу) Алланың қаһарына ұшыратады. Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала: «Раббың өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарында кәрілікке жетсе: "Тұх" деме. (Кейіс білдірме). Сондай-ақ ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле. Ол екеуіне кішірейіп мәрхамет құшағын жайда: Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей сенде оларды мәрхаметіңе бөлей көр!», - де. (ісра сүресі 23-24 аяттар) Ата-ана мен перзент арасында ештеңеге ұқсамайтын берік байланыс бар. Ата-ананың жақсылығына ешбір жанның жақсылығы тең келмейді. Олар балаларына жан-жақты тәлім-тәрбие беріп, діни және дүниелік қажеттіліктерін қамтамассыз етеді. Айта берсек, олардың жақсылығын санап тауысу мүмкін емес. Сондықтан да ата-ананың ашуы мен Алланың ашуы қатар айтылады. Әке-шешесіне жақсылық жасағысы келген адам ең алдымен олардың разылығына бөленуі қажет. Мұнда ата-анаға жақсылық жасау-қозғаушы күш және себеб, ал оларды разы ету нәтиже мен себеб нысаны. Демек ата-ананы разы ететін кез келген әрекет, немесе бір іс-шара жақсылыққа жатады. Ал, оларды ашуландыратын кез келген сөз не іс-әрекет ата-анаға қарсы келу болып есептеледі. Әйтсе де ата-ананы разы ететін амалыңыз, оларды жақсы көруіңіз, Аллаға және оның елшісі Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.)-ға деген махаббаттан артық болмауы қажет. Олай ететін болсақ, шарттарды дұрыс орындамаған боламыз. Сондықтан да атқаратын қызметтеріміздің қайсы қайсысынан бірінші тұрады қайсысы маңыздырақ, соны білгеннен кейін әр қайсысын өз орындарымен атқара білсек, толық мұсылманшылығымыздың белгісі болмақ. Себебі «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): сендер мені отбасыларыңнан барлық адамдардан тіпті өздеріңнен де артық жақсы көрмейінше толық иман келтірген болып есептелмейсіңдер», - деген. Бұл жерде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзін жақсы көргізуге құштар емес керсінше өзі арқылы Алланы және оның ардақты елшісін танып білуге, исламды түсініп, Алланың разылығын алуға шақырып отыр. Біз қаншалықты Алланы және оның расулін танысақ соншалықты ата-ананың қадірін, басқа да құндылықтарды түсінеміз. Себебі Ислам ата-ананы құрметтеуге, әр дайым кіші пейіл болуға, адамгешілікке, жалпы Алланың разылығын табуға тәрбиелейді. Олай болса ата-анамыз тірі болса разылығын алуға тырысайық, егер өмірден өтіп кеткен болса әр дайым артынан «Құран» оқып сауабын бағыштап жүрейік. Аллаһ тағаланың біздерге берген нығыметтерінің бірі, туған-туыстарымыз, Бес күндік мынау жалған дүниеде туғандарымызбен татулықта, бірлікте, ынтымақта болуымыз қажет. Болмашы бір дүниеге бола бауырларымен ренжісіп, ат құйрығын кесісіп жатқандар да жетерлік. Ал бұндай қылықтар мұсылман адамға тіпті сай нәрсе емес. Себебі Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) бір хадисінде: «туысқандарымен қарым-қатынасты үзген адам жәннәтқа кірмейді». - деген. Мүмин мұсылман үшін Алланың разылығы, оның жәннәтіна деген құштарлығы бәрінен биік тұрады. Ал өмірдегі көре алмаушылық, қызғаншақтық, мансап құмарлық секілді дүниелер оған қызықта емес. Өйткені Алланы таныған тұлға бұл өмірдің өткінші, жалған екендігін және де бұл өмір келесі өмірге дайындық қана екенін біледі. Мүмин адам туғандарын ғана емес, барша мұсылман қауымына жақсылық ойлауы тиіс. Себебі Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «мұсылман мұсылманға бауыр», - деген. Бұл жерде «ислам дініміз» бізді өзімшілдіктен алыстатып, кеңшілдікке тәрбиелеуде, яғни жақындарын ғана емес барлық мұсылман жұртшылығын жақсы көруге шақырады.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
және хақ жолы осы деп әділетті - деп,
Абай атамыз да өлең шумақтарымен келер ұрпаққа үлкен өнеге қалдырған.


Дайындаған: Абай ауданының найб имамы
Смағұлов Жасұлан Манапұлы





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары