Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Менің анам ораза ұстаса есінен танып, құлай береді. Не істеген дұрыс?
21 сәуір, 2021 жыл 179 Басып шығару нұсқасы

СҰРАҚ: 
Менің анам ораза ұстаса есінен танып, құлай береді. Не істеген дұрыс? 

 ЖАУАП:
Сырқатты, ауырып жүрген адам ораза ұстауға шамасы жетпесе немесе ауруының қозуынан қорықса ораза ұстауы міндетті емес. Бірақ бұл жағдай алдынғы тəжрибесі немесе белгілері арқылы (мысалы: есінен тану, т.б.) не білікті мұсылман дəргердің (пасық емес) айтуымен бекітілуі керек[1]. 
  Алла тағала құран кəрімде былай деген:

《 أَيَّامًا مَّعْدُودَاتٍ ۚ فَمَن كَانَ مِنكُم مَّرِيضًا أَوْ عَلَىٰ سَفَرٍ فَعِدَّةٌ مِّنْ أَيَّامٍ أُخَرَ ۚ وَعَلَى الَّذِينَ يُطِيقُونَهُ فِدْيَةٌ طَعَامُ مِسْكِينٍ ۖ  》

《 Парыз ораза санаулы әрі белгілі күндерде ғана өтеледі. Араларыңнан әлдекім ауырып қалып немесе сапарда жүріп ораза ұстамаса, (қаза болған күндерін) басқа уақытта ұстасын. Ораза ұстауға шамасы жетпейтіндер (яғни, қарттар және созылмалы дертке шалдыққан науқастар қаза болған әр күнге) фидя ретінде бір жарлының (жағдайы жоқ адамның) тамағын өтейді 》.

  Туберкулез, қатерлі ісік, қант диабеті, асқазан жарасы (язва), тыныс және жүрек демікпесі (астма) секілді сауығуына күдер үзген ауруға шалдыққан науқастар және жасы үлкен қарт адамдар ауыз бекітуге шамасы келмесе, ораза ұстамайды. Оның орнына фидя береді.
 Фидя - əр оразаның күні үшін жағдайы жоқ адамға пітір садақаның мөлшерін беру немесе бір күнде екі мезгіл тойдырып, тамақтандыру. 

[1] Əл-фиқһул-муяссар, 253-бет.
[2] Бақара сүресі, 184-аят.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары