Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Итаяқпен тамақ беремін
28 сәуір, 2014 жыл 361 Басып шығару нұсқасы

Итаяқпен тамақ беремінБір жігіттің әбден қартайған қарт әкесі бар екен. Ол тамағын ішкенде қолдары дірілдеп, алдына төгіп-шашып алатын көрінеді. Қайталана беретін болған соң әлгі жігіт әкесімен ақылдасып, үлкен кісіні дастарқанын аластатып, тамақты пештің қуысына апарып беретін болған. Алдына шағын итаяқ астау қойған да тамақты соған құя салады екен. Бір күні үй иесінің 10 жасар баласы қолындағы пышақпен әлдебір ағаш жонып жатады. Жігіт таңданып: “Балам, мына істеп жатқаның не?” – деп сұрайды.
- Бұл -итаяқ! дейді бала.
- Оны не істейсің?
- Әке, сіз қартайғанда ана қуысқа апарып тығамын да, осы итаяқпен тамақ беремін, – депті баласы. Сол кезде үй иесі өз ісінен қатты ұялып, әкесін пештің қуысынан шығарып, дастарқан басына қайта отырғызыпты.


М.Тоқашбаев
“Адамгершіліктің қарапайым қағидалары”





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары