29 наурыз күні сағат 09:00 мен 10:00 аралығында Қарағанды Мемлекеттік Техникалық университетінде теолог Абдрашов А. қатысуымен «Концептуальные отличия ислама от исламизма» тақырыбында кездесу өткізілді. Тыңдаушылар саны 80 адамды құрады. Іс-шараға студенттер белсене қатысып, теологты мұқият тыңдады. Кездесу барысында «Неліктен терроризмді тек қана исламмен байланыстырады?», «Мұсылман болғым келеді, бірақ рәсімдерін орындау қиынға соқпай ма?» деген секілді сұрақтар қойылды. Студенттер өздерін қызықтырып жүрген сауалдарға тұшымды жауаптарын алды.
Пікірлер