31 наурыз күні сағат 11:00 мен 12:00 аралығында Қарағанды қаласындағы "Мұрагер" мамандандырылған мектеп-интернатында бірлестік мамандары Кужахметов М. мен Момынжанов С. қатысуымен «Конфликтный потенциал исламизма и его отличия от традиционного ислама» тақырыбында кездесу өткізілді. Тыңдаушылар саны 50 адамнан асты. Кездесу барысында оқушылар мен педагогикалық ұжым өкілдері өздерін қызықтырып жүрген көкейдегі сауалдарын қойды. Сұрақтарға тұшымды жауаптар алынып, іс-шара ойдағыдай өтті.
Пікірлер