БАС МҮФТИ МЕККЕДЕ БІРҚАТАР КЕЗДЕСУЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы бастаған делегация Сауд Арабия Королдігі (САК) Қажылық министрлігінің лауазымды өкілдерімен кездесті.

Ресми кездесуге ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілі Бауыржан Есмахан, ҚР-ның САК-тағы Жидда қаласындағы консулы Мадияр Исмайлов, консулдың орынбасары Жеңіс Оразалиев және консулдың көмекшісі Мұхаммед Иса Ибраһимұлы қатысты.

Қабылдаушы тараптан САК-тің Қажылық министрінің орынбасары доктор Хусейн Шериф, сонымен бірге Түркия және Еуропа бөлігіне жауапты Ториқ Аңқауи мен қажылықты ұйымдастыруға қатысты барлық жауапты өкілдер қатысты.

Алғашқы сөз кезегін алған Хусейн Шериф мырза екі елдің арасындағы қажылықты ұйымдастыруға байланысты жұмыстың жылдан жылға жаңа бағытта дамып, қажыларға қолайлы жағдайлар жасалып келе жатқанын сөз етті.

Екі жақты кездесуде автобустардың қажылараға сапалы қызмет көрсетуі, қонақ үй қызметін жақсарту, қажылардың денсаулығын қадағалау, қауіпсіздік шараларына баса көңіл бөлу, т.б. мәселелер жан-жақты талқыланды.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бастаған делегация мүшелері қажылық сапарын ұйымдастыруға қатысты бірқатар кездесулерге қатыспақ.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін