БАС МҮФТИ  «ШЫМКЕНТ» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған іссапары аясында Шымкент қаласындағы Орталық мешіті жанында бой көтерген «Шымкент» медресе-колледжінің жаңа ғимаратымен танысты.

Сыйымдылығы 300 шәкіртке жоспарланып салынған ғимараттың құрылысы келесі жылдың көктеміне дейін толықтай аяқталып, халық игілігіне берілетін болмақ. Медресе ішіндегі бөлмелердің әрбіріне қазақ топырағынан шыққан ғұламалардың есімі берілген. Ішкі декорациясы да соған сай әрленген. Сондай-ақ, медресе жанынан арнайы жатақхана салыну үстінде. Ол осында білім алушы шәкірттер үшін жасалған жағдай.

Оқу орнында арнайы бекітілген ұстаздар құрамы дәріс өткізеді. Имамдар даярлау сыныбы да жоспарланған. Ал, Құран үйреніп, арабша тіл сындыруға ниетті жандар үшін медресе есігі әрдайым ашық.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін