ҚМДБ: ӨЗБЕКСТАНМЕН ОРТАҚ МЕМОРАНДУМ ҚАБЫЛДАНАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Өзбекстан мұсылмандары діни басқармалары арасында екі елдің діни қызметін дамыту мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандум қабылданады.

Меморандум мақсаты – ғылыми, мәдени, рухани қарым-қатынастарды арттыру жолында бірігіп жұмыс жүргізу, халықаралық деңгейдегі қарым-қатынаста өзара көмек көрсету, болашақ ұрпақты Ислам игілігіне, патриотизмге, өз еліне адал қызмет етуге тәрбиелеу, киелі орындарды зиярат ету бойынша ықпалдасу, екі елдегі діни-тарихи және мәдени маңызы бар қасиетті орындарға азаматтардың зиярат, тағзым етуін ұйымдастыру, т.б.+

Сонымен қатар, келісім құжатта тараптар пәтуа бойынша бірізділікті сақтау бойынша өзара келісім көзделген. Діни мерекелерді Һижри жыл санауы бойынша бірізді өткізу, сондай-ақ, заманауи өзекті мәселелерде ортақ пәтуа, шешім шығару мәселесі қарастырылған.

Аталған құжатты қабылдау үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Өзбекстан Республикасына ресми сапары жоспарлануда.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін