НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ – БІРІНШІ НАИБ МҮФТИ, «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы қызметіне тағайындалды.

Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазрет жұма намазынан кейін «Әзірет Сұлтан»  мешітінің ұжымы мен жамағатқа жаңа Бас имамды таныстырды.

«Наурызбай қажы Тағанұлының діни салада тәжірибесі мол. Ол мемлекеттік қызметте де бірнеше жыл жұмыс істеді. Наурызбай Өтпенов мырзаның білімі мен біліктілігін, тәжірибесі мен іскерлігін ескеріп, ҚМДБ-ның бірінші наиб мүфтиі, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы қызметіне тағайындадым. Бұл лаузымды қызметтерді жоғары деңгейде атқарады деген сенімдемін», – деп атап өтті Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

Өмірдерек:

Наурызбай қажы Тағанұлы Өтпенов 1977 жылы дүниеге келген.

1993-1997 жылы Ташкенттегі «имам Әл-Бұхари» атындағы Ислам институтында оқыған.

1999-2001 жылдары ҚМДБ жанындағы екі жылдық Ислам институтында білімін жетілдірген.

2009 жылы ҚМДБ-ның жолдамасымен Мысыр Араб республикасында білімін жетілдірген.

2010 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің «Тарих» факультетін бітірген.

2011-2013 жылдары Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің «Дінтану» мамандығы бойынша магистратурасын үздік тәмәмдаған.

2017 жылдан бастап «Нұр Мубарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» факультетінің докторанты.

Қызмет жолы:

1997-1999 жылдары: ОҚО, Түлкібас ауданы, «Түлкібас ата» орталық мешітінің ұстазы және «Көкірек ата» мешітінде Бас имам;

2001-2006 жылдары: ШҚО, Аягөз ауданының бас имамы;

2005-2006 жылдары: Алматы қаласындағы «Мекке» мешітінің наиб имамы;

2006-2011 жылдары ҚМДБ-ның Қарағанды өңіріндегі өкіл имамы, Қарағанды қалалық №1 орталық мешітінің Бас имамы;

2011 жылдың cәуір-қыркүйек айларында Алматы қаласындағы «Мекке» мешітінің Бас имамы;

2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі басқармасының Бас сарапшысы;

2013 жылдың сәуір айының 3-інен қыркүйек айының 20-сы аралығында Астана қалалық «Нұр Астана» мешітіне наиб имам болып тағайындалды.

2013 жылдың қыркүйек айының 20-сынан бастап ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкіл имамы, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы болып тағайындалып, бүгінге дейін «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы қызметін абыроймен атқарды.

2015 жылдың мамыр айынан бастап ҚМДБ-ның наиб мүфтиі болып тағайындалды.

2017 жылдың 8 желтоқсанындағы Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII Құрылтайында ҚМДБ Төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти қызметіне тағайындалды.

Мақалалары мен еңбектері:

Марапаттары:

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін