Республикалық мүшәйра жүлдегерлері марапатталды (ФОТО)

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі 2018-«Ислам және отбасы жылы» аясында жас ақындар арасында «ИСЛАМ. ИМАН. ОТБАСЫ» атты Республикалық жыр бәйгесін жариялаған еді.

Қасиетті Қадір түнінде жүлдегерлерді марапаттау өтті. ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы марапаттау шарасында: «Рухани жаңғыру аясында 2018 жыл «Ислам және отбасы жылында» ұлтымыздың дәстүрлі ұлттық құндылықтарын насихаттау, дәстүрлі тәрбиенің асыл жауһарларын таныту, халқымыздың салт-дәстүрін жастардың санасына сіңіру бұл жыр мүшәйрасының басты бағыты болды. Қазіргі таңда діни өлеңдер көп жазыла бермейді. Біз осы бағытты жетілдіріп, қолдап отырмыз»,- деп ақындарға сыйлық ұсынды.

Мүшәйраға келіп түскен 80-нен шығарманы саралаған Қазақстан жазушылар Одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры, жазушы Әлібек Қаңтарбаев бастаған қазылар алқасының шешімімен:

200 000 теңгелік бас жүлдені өскемендік Қызырбек Дүргінбайұлы;

1-орын  қарағандылық ақын Таңсәуле Әгенқызы 150 000 теңге;

2-орын Мирас Әбіл (Алматы) 100 000 теңге;

3-орын Семейлік жас ақын Бауыржан Игілік 80 000 теңге жүлдеге ие болды.  Сонымен қатар, А.Нұрбаев атындағы жүлдені Павлодар облысынан Тілеуберді Сахаба жеңіп алса, ынталандыру жүлделеріне Өскемен қаласының ақындары Жеңіс Оразай мен Дана Исағұлқызы және Қуат Ежендер ие болды.

Ақындарға өкіл имам және қалалық мешіт имамдары жүлделерін тапсырды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін