Қайырымды істің қайыры мол 

Алла тағала Құран Кәрімде былай бұйырады: «Алла зәрредей де әділетсіздік істемейді, қайта титтей жақсылық болса, оны еселеп арттырады, әрі өз тарапынан ұлы сауап береді» (Ниса сүресі, 4/40-аят).  Міне, осы аятқа орай ОҚО, Сарыағаш аудандық мешітінде биыл да Ораза айт қарсаңында қайырымдылық шарасы  жалғасын тапты. Биылғы жылы 80 жағдайы төмен отбасылар, жоқ-жітіктер, жесір мен жетімдер, зағип жандар бір айлық азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Міне, мұндай қайырымды істер қоғамдағы ынтымақ-бірліктің одан сайын нығайып, адамдардың бір-біріне деген мейірімінің нығаюына септігін тигізетіні анық.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін