ҚАДІР ТҮНІ ҚҰРАН ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ (ФОТО)

Қасиетті Қадір түні - мың айдан қайырлы, қасиетті, һәм күллі мұсылман қауымының ерекше құлшылық етер сәті. Құт дарыған осынау Қадір түнін ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілдігі, облыстық «Иманғали» орталық мешіті де жылдағыдан да ерекше атап өтті.

Қадір түні - Құран түскен ұлық түн. Атырау өкілдігінің ұйытқы болуымен Қадір түнінің құрметіне Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Салават Келбатырұлының руxына арналған жастар арасында байқау өткізіліп, сайыста жеңіске жеткендер Қадір түні жамағат алдында арнайы марапатталды.

Қасиетті қадір түні тарауық намазына жиналған жұртшылықтың алдында ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы Қадір түнінің қасиеті жайында айта келіп, Құранды жатқа оқу бойынша 1-орынды иеленген Мұратұлы Салауатқа ұмра (кіші қажылық, 2-орын алған Мырзатаев Абдурраxимге 80 000 теңге; 3-орын алған Тілепбергенов Берікке 50 000 теңге қаржылай сыйлықтарын табыс етті.  Екінші тур Құранды мәнерлеп оқу номинациясы бойынша 1-орынға ие болған Руслан Артурға 80 000 теңге, 2-орын иесі Нұрсұлтанов Диярға 50 000 теңге және 3- орынға лайық деп танылған Сатыбалдиев Қуаныш пен Абдумаликов Шаxбозға 30 000 теңге сыйлықтф арнайы табыстады.

Расында бұл түндегі игілікті шара жамағаттар мен жастардың қасиетті Құранға деген қызығушылықтарын арттыра түскендей әсер қалды. Көпшілік алдында бас имам Батыржан Берденұлы ел мен жердің, бұқара халықтың амандығы үшін бата беріп, дұға жасады.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін