Өскеменде жарапазан жарысы өтті (ФОТО)

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі жамағаттар мен өнерпаздар арасында «Айтайық жарапазан елімізге...» атты жарапазан жарысын өткізді. Шара Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің алдындағы алаңда өтіп, тамашалаушылар қарасы тым көп болды. Бұл жарысқа облысқа танымал «Ақбосаға» ансамблі, «Қазына» әжелер ұжымы, «Ақниет» өнер ұжымы, «Ертіс концерт» бірлестігінің өнерпаздары, жеке орындаушылар, өңірдің танымал өнерпаздары қатысып, ашық аспан астында жарапазанды шырқады.

«Жарапазан ежелден атадан балаға жалғасқан өнер. Сондықтан рухани жаңғыру аясында біз жарапазанды жаңғыртып отырмыз. Бүгін Өскеменнің бірқатар өнер ұжымдары жарапазанды жаңа форматпен халыққа жеткізіп жатқандығы үлкен мақтаныш, әрі Рамазан айының бір нығметі»,-деп атап өтті шараны ұйымдастырушылар.

Жарапазан жарысы халықтың көңілінен шықты. Рухани шараны ұйымдастыруға Өскемен қалалық Ішкі саясат бөлімімен Ардагерлер ұйымы, «Ертіс концерт» бірлестігі қолдау көрсетті.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін