«JARDEM» ҚОРЫ НАУҚАС БАЛАЛАРДЫҢ ЕМДЕЛУІНЕ ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Таугүл-3 мешітінің жанын құрылған «Жәрден» қайырымдылық қоры қасиетті Рамазан айының құрметіне орай қайырымдылық көмек көрсетті. 

Игі іс шара аясында жағдайы төмен отбасыларға 1500 000 миллион теңгеге қаржылай және азық-түліктей жәрдем берілді. 32 отбасыға бір айлық азық түлік, атап айтар болсақ сұйық май, ұн, қант, күріш, макарон берілді.

Шараға Таугүл мешітінің бас имамы Камалжан Тұрдыбаев қатысып, қаржылай көмекті науқас балалардың отбасына арнайы табыс етті.

«Рамазан – мейірім мен рақымдылық айы! Бұл айда құлшылықтар жасап, игі істерге ұмтылу үлкен сауап. Қасиетті айдың құрметі үшін бір-бірін кешіріп, мейірімділік жолын ұстанған пенделерле сауапқа кенеледі. Қасиетті күндер мен түндерде жасалған дұғалар қабыл болады. Кешіргенге – кешірім жасалады», деді бас имам Камалжан Тұрдыбаев.
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін