Балалар үйінде

Біздің қазақ „Бала – бауыр етің„ деп болса айтпайды. Өйткені, олар өміріміздің жалғасы, еліміздің жарқын келешегі.

Сондықтан да болар, жуырда Рудный қалалық «Нұр» мешіті және әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Балаларға – базарлық»  шарасы болып өтті.

Осынау игі шара барысында аталған  мешіт қызметкерлері мен шәкірттері қаладағы балалар үйіне барып, ондағы тәрбиеленіп жатқан балдырғандармен тағылымдық жағы мол ойындар ұйымдастырды әрі оларға сыйлықтар таратты. Қасиетті Рамазан айындағы бұл кездесу бүлдіршіндерге ерекше қуаныш сыйлады.

Жалпы, жетімдердің басын сипау, оларға қамқорлық жасау адамгершіліктің жарқын көрінісі болып табылады. Мешіт қызметкерлері алдағы уақытта да осындай жүздесулерді ұйымдастырады.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін